Қостанай облысындағы өрт толық сөндірілді

© Photo : Оперативный штаб МЧС РКҚостанай облысындағы өрт
Қостанай облысындағы өрт  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы өрт толықтай сөндірілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"2022 жылдың 10 қыркүйегінде сағат 10:00-де Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы орман өрті толықтай сөндірілді. 7 қыркүйекте сағат 15:00-де өрт ауыздықталған болатын", - делінген Қостанай облысының ТЖД хабарламасында.
Еске сала кетейік, 2 қыркүйекте сағат 15:10-да Әулиекөл ауданының Басаман және Семиозер орман шаруашылығы басқармаларының аумақтарында ағаш пен құрғақ шөп өртенген болатын.
Өрт аумағы 43 мың гектарды құрады. Екі елді мекендегі 91 тұрғын үй жанып кетті.
Эвакуацияланғандар үйлеріне оралды, қалғандары туыстарында қалды. Өрт басталғаннан бері барлығы 2 091 адам эвакуацияланған болатын.
12 адам өрт кезінде жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат алып, күйік шалып, уланды. Бүгінде зардап шеккен 3 адам Әулиекөл аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр.
1935 жылы туған бір адам қаза тапты.
Жедел штаб жұмысы басталғаннан бері ТЖМ жедел желісіне 38 қоңырау келіп түсті. 87 азаматқа консультациялық-психологиялық көмек көрсетілді, 45 баламен топтық психологиялық жұмыс жүргізілді.
Тікұшақтар әуеден 327 рет су шашты.
Өртті сөндіруге 1 785 адам және 207 бірлік техникадан құрылған күштер және құралдар жұмылдырылды.
Жедел штаб өз жұмысын аяқтады.
Жаңалықтар
0