Ақтауда жедел жәрдем қызметкерлері жұмысқа шықпай қалды: басқарма басшысы пікір білдірді

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобиль скорой помощи на дороге
Автомобиль скорой помощи на дороге  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Жедел жәрдем қызметкерлерінің кезекшілікке шықпауы заңсыз әрекет болып табылады, дейді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Аманбек Жұмыров.
""Маңғыстау облыстық жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясы" қызметкерлері ыҚР 1193 ПП еңбекақы төлеміне сәйкес алады", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Ведомство мәліметінше, наурызда бақылау кеңесінің хаттамасы негізінде медицина қызметкерлерінің жалақысына қосымша 10-40 мың теңге үстемақы төлеу туралы қорытынды жасалды.
"Еңбек шартына сәйкес жалақы ай сайын 10-на дейін төленеді. Қыркүйек айына дейін жалақының барлық төлемдері әр айдың 5-і мен 7-сі аралығында жүргізіліп келді. Тамыз айындағы үстеме ақымен толық жалақы төлеу 12.09.22 ж. жүзеге асырылады. 08:30-да кезекшілік ауысымға шықпау Еңбек кодексінің 176-бабы негізінде заңсыз болып табылады", - делінген хабарламада.
Заңсыз ереуілге байланысты Ақтау қаласы бойынша 1-4 жеделдік санатынан шақыртуларға қызмет көрсетуге көмек көрсету үшін қосымша бригадалары бөлінді:
Ақтау қалалық емханасынан - 1 бригада,
Ақтау қалалық емханасынан - 2 бригада,
Нейроннан - 2 бригада,
Ясиннен - 2 бригада,
Мұнайлы ауданы бойынша Мұнайлы емханасынан 4 бригада,
Мұхамбет ЖШС 1 бригада.
"Жаңаөзен қаласы бойынша: Жаңаөзен қалалық емханасынан - 1, Жаңаөзен қалалық емханасынан - 2 бригада, Жаңаөзен қалалық емханасынан - 3 бригада", деп хабарлады басқарма басшысы Аманбек Жұмыров.
Оның айтуынша, қосымша ақы 12-қыркүйекте аударылады.
"Ультиматумдық талаптар арқылы жұмысқа шығудан бас тарту заңсыз. Мұндай әрекеттер Маңғыстау облысы тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан арандатушылыққа бой алдырмаған жөн, адамдардың денсаулығы біз үшін маңызды. Мен барлығын сақ болуға шақырамын!", - деді ол.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2022
Қоғам
Ақтауда жедел жәрдем қызметкерлері жұмысқа шықпай қалды
Жаңалықтар
0