Қоғам

Ақтауда жедел жәрдем қызметкерлері жұмысқа шықпай қалды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2022
Жазылу
Медицина қызметкерлері жалақыны өсіруді талап етіп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Ақтауда облыстық жедел жәрдем станциясының жүргізушілері мен фельдшерлері бүгін, 11 қыркүйек жұмысқа шықпай қалды, деп хабарлайды "Лада" порталы.
Жұмысшылардың айтуынша, олар басшылықтан бірнеше мәрте жалақыны көтеруді сұраған. Бірақ еш нәтиже жоқ.
Ереуілге шыққандар Ақтауда қауырт шақыртуларға қызмет көрсететін екі жедел жәрдем көлігі ғана жұмыс істейтінін атап өтті.
Басшылық мәселені ертең шешуге уәде берген. Бірақ жедел жәрдем қызметкерлері оларға сенбейді.
Жаңалықтар
0