Қытай компаниялары Батыс Қазақстанда киік өсіруге арналған питомник ашуды ұсынды

© Sputnik / Вячеслав Бобков / Медиабанкке өтуКиік
Киік - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2022
Жазылу
Облыс әкімі шұғыл түрде киік популяциясын реттеу бойынша тұжырымдама әзірлеуді тапсырды
НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Қытай компаниялары жеке қаражаты есебінен Батыс Қазақстан облысында киік өсіруге арналған питомник ашуды ұсынды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Сол жерде зертханада киік дериватын (мүйізін) өңдеу зауытын салып, біріккен мекеме ашу туралы жоспарларын бөлісті. Өңір басшысы мәселені жан-жақты зерттеп, берілген ұсыныс қаралатынын жеткізді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар кездесуге қатысушылар киікті қорғай отырып, ғылыми зерттеу жүргізу арқылы аулауға болатын мөлшерін талқылады. Ал облыс әкімі Ғали Есқалиев шұғыл түрде киік популяциясын реттеу бойынша тұжырымдама әзірлеуді тапсырды.
Еске сала кетейік, маусым айының соңында экология министрлігі Жайық популяциясындағы киік санын 80 мыңға қысқарту қажеттігін мәлімдеген еді. Министрдің айтуынша, олар шаруалардың жайылымы мен жерін таптап жатыр.
14 шілдеде президент Тоқаев киік санын реттеу мәселесін шуға айналдырған экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялады.
Киік - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2022
"Киік қасиетті жануар": Тоқаев экология министріне сөгіс жариялады
Жаңалықтар
0