https://sputnik.kz/20220714/kiik-toqaev-ekologiya-26121365.html
"Киік қасиетті жануар": Тоқаев экология министріне сөгіс жариялады
"Киік қасиетті жануар": Тоқаев экология министріне сөгіс жариялады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев киік санын реттеу мәселесін шуға айналдырған экология, геология және табиғи ресурстар... 14.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-14T11:01+0500
2022-07-14T11:01+0500
2022-07-14T11:01+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/1014/43/10144318_275:156:1043:588_1920x0_80_0_0_d365b1c820bc2f7307094af008d4cef6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев киік санын реттеу мәселесін шуға айналдырған экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Киік популяциясының одан арғы тағдыры төңірегінде түсініксіз әуре-сарсаңға салып, пікірталас тудырғаны үшін сөгіс жариялаймын. Мұның бәрін осындай қоғамдық талқылау деңгейіне шығарудың қандай қажеті бар еді?! Бұл мәселеге кәсіби тұрғыдан қарау керек. Ұлтымыздың менталитетін ескеру қажет", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.Президент киік қазақтар үшін қасиетті жануар екенін атап өтті."Табиғи ландшафтан сексен мың киікті өлтіру мәселесі жайлы айтылып отыр. Бірақ мұның басқа да әдістері бар. Мамандармен ақылдасыңыздар, бұл енді соңғы шара ғой. Бұл шараны қолдануға тура келетін шығар, оны жоққа шығармаймын. Бірақ қайталап айтамын, бұл соңғы шара", - деді мемлекет басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1014/43/10144318_245:97:895:585_1920x0_80_0_0_9f5ad59306a9aefad475344be58160a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
"Киік қасиетті жануар": Тоқаев экология министріне сөгіс жариялады
НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев киік санын реттеу мәселесін шуға айналдырған экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Киік популяциясының одан арғы тағдыры төңірегінде түсініксіз әуре-сарсаңға салып, пікірталас тудырғаны үшін сөгіс жариялаймын. Мұның бәрін осындай қоғамдық талқылау деңгейіне шығарудың қандай қажеті бар еді?! Бұл мәселеге кәсіби тұрғыдан қарау керек. Ұлтымыздың менталитетін ескеру қажет", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президент киік қазақтар үшін қасиетті жануар екенін атап өтті.
"Табиғи ландшафтан сексен мың киікті өлтіру мәселесі жайлы айтылып отыр. Бірақ мұның басқа да әдістері бар. Мамандармен ақылдасыңыздар, бұл енді соңғы шара ғой. Бұл шараны қолдануға тура келетін шығар, оны жоққа шығармаймын. Бірақ қайталап айтамын, бұл соңғы шара", - деді мемлекет басшысы.