https://sputnik.kz/20220909/toqaev-qazaqstan-ulybritaniya-elshiligi-27436787.html
Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барды
Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барып, II Елизавета патшайымның қайтыс болуына... 09.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-09T15:06+0500
2022-09-09T15:06+0500
2022-09-09T15:06+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
ұлыбритания
https://sputnik.kz/img/07e6/09/09/27437227_16:0:1264:702_1920x0_80_0_0_5a94fdd92c6d06e2f4aa5c4943e90ed9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барып, II Елизавета патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.Сондай-ақ президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды, деп хабарлайды Ақорда.Бұған дейін Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия королі ІІІ Карлға анасы II Елизавета патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.Президент елді 70 жыл бойы басқарған ІІ Елизавета патшайымның аса көрнекті көшбасшы, ұлы британ халқының бірлігі мен табандылығының символы болғанын атап өтті.Еске салсақ, 8 қыркүйекте ІІ Елизавета Шотландиядағы Балморал сарайында қайтыс болды. Осыған байланысты Ұлыбританияда 10 күндік аза тұту күні жарияланды.Патшайым Виндзор сарайының аумағындағы әкесінің (король VI Георг) мемориалдық шағын шіркеуінде жерленеді.Айта кетері, патшайым таққа 1952 жылы 25 жасында отырған еді.
https://sputnik.kz/20220909/ulybritaniya-patshayymy-96-zhasynda-omirden-ozdy-27413891.html
ұлыбритания
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/09/27437227_172:0:1108:702_1920x0_80_0_0_b1d0fe942288719f7bc0f897af58a837.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ұлыбритания
қасым-жомарт тоқаев, ұлыбритания
Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барды
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барып, II Елизавета патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Сондай-ақ президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды, деп хабарлайды Ақорда.
Бұған дейін Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия королі ІІІ Карлға анасы II Елизавета патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.
Президент елді 70 жыл бойы басқарған ІІ Елизавета патшайымның аса көрнекті көшбасшы, ұлы британ халқының бірлігі мен табандылығының символы болғанын атап өтті.
Еске салсақ, 8 қыркүйекте ІІ Елизавета Шотландиядағы Балморал сарайында қайтыс болды. Осыған байланысты Ұлыбританияда 10 күндік аза тұту күні жарияланды.
Патшайым Виндзор сарайының аумағындағы әкесінің (король VI Георг) мемориалдық шағын шіркеуінде жерленеді.
Айта кетері, патшайым таққа 1952 жылы 25 жасында отырған еді.