Ұлыбритания патшайымы 96 жасында дүниеден озды

© Sputnik / Sergey Guneev  / Медиабанкке өтуҰлыбритания патшайымы Елизавета II
Ұлыбритания патшайымы Елизавета II  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. 70 жыл билікте болған ІІ Елизавета Шотландиядағы Балморал сарайында қайтыс болды.
Ұлыбританияда патшайымның қайтыс болуына байланысты 10 күндік аза тұту күні жарияланды.
Патшайымның тұңғыш ұлы 73 жастағы Чарльз Ұлыбританияның жаңа королі атанды. Ол тақтағы есімін таңдап қойған – III Чарльз.
Дегенмен әлі ресми түрде монарх болып жарияланбады - бұл мұрагерлік кеңестің отырысында жасалуы керек.
Оның әйелі Камилла автоматты түрде билеушінің әйелі атағын алады. Ханзада Уильям тақ мұрагері болды және Уэльс ханзадасы титулын алды, ал оның әйелі Кейт Миддлтон енді Корнуолл герцогинясы деп аталады.
Ұлыбритания патшайымы II Елизавета Виндзор сарайының аумағындағы әкесінің (король VI Георг) мемориалдық шағын шіркеуінде жерленеді.
Еске сала кетейік, патшайым таққа 1952 жылы 25 жасында отырған еді.
Жаңалықтар
0