https://sputnik.kz/20220907/qoshanov-7-zhyldyq-merzim-saylau-27360836.html
Қошанов 7 жылдық мерзім жайлы: биылғы сайлаудан басталуы керек деп ойлаймын
Қошанов 7 жылдық мерзім жайлы: биылғы сайлаудан басталуы керек деп ойлаймын
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов президентті 7 жыл мерзімге сайлау туралы өзгерісті Конституцияға биыл енгізу керек деп санайды... 07.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-07T14:10+0500
2022-09-07T14:10+0500
2022-09-07T14:10+0500
саясат
ерлан қошанов
сайлау
https://sputnik.kz/img/1233/90/12339024_0:1:2048:1153_1920x0_80_0_0_19a16ba2599eed5a9898c16686d6cdbc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов президентті 7 жыл мерзімге сайлау туралы өзгерісті Конституцияға биыл енгізу керек деп санайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Мәжіліс кулуарында журналистер спикерден "президент Қасым-Жомарт Тоқаев қай мерзімге сайлануы мүмкін" деп сұрады. Егер биыл бұл жүйе енгізілмей, президент тағы бес жылға сайланса, сайланған президенттің бес жылдан кейін тағы 7 жылға сайлануға құқықтық мүмкіндігі пайда болады. Бұл нәрсені де шектеуіміз керек, деп жалғастырды сөзін спикер. "Мұны шектеу үшін реформаны тағы бес жылға созбай, биыл 7 жылдық мерзімді енгізіп, сонымен президент сайлауын өткізуіміз керек деп ойлаймын", - деді ол. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады. Әзірге саяси доданың қашан өтетіні белгісіз. Тиісті жарлық шыққан жоқ.
https://sputnik.kz/20220905/prezident-nelikten-qostanaydagy-alapat-ort-turaly-kesh-khabarlanganyn-aytty-27309420.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1233/90/12339024_256:0:1793:1153_1920x0_80_0_0_03974ef9eb88d741d1559f15c35b7f07.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ерлан қошанов, сайлау
Қошанов 7 жылдық мерзім жайлы: биылғы сайлаудан басталуы керек деп ойлаймын
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов президентті 7 жыл мерзімге сайлау туралы өзгерісті Конституцияға биыл енгізу керек деп санайды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліс кулуарында журналистер спикерден "президент Қасым-Жомарт Тоқаев қай мерзімге сайлануы мүмкін" деп сұрады.
"Реформалардың бірі – президент өкілеттігінің мерзімі. Бұл мемлекетіміздің болашағы үшін өте қажет, өте маңызды. Өйткені бізде президенттік басқару формасы жұмыс істейді. Сондықтан осы маңызды өзгеріс биылғы сайлаудан басталуы керек деп есептеймін. Мұны әрі қарай 5 жылға соза берудің қажеті жоқ", - деді Қошанов.
Егер биыл бұл жүйе енгізілмей, президент тағы бес жылға сайланса, сайланған президенттің бес жылдан кейін тағы 7 жылға сайлануға құқықтық мүмкіндігі пайда болады. Бұл нәрсені де шектеуіміз керек, деп жалғастырды сөзін спикер.
"Мұны шектеу үшін реформаны тағы бес жылға созбай, биыл 7 жылдық мерзімді енгізіп, сонымен президент сайлауын өткізуіміз керек деп ойлаймын", - деді ол.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады. Әзірге саяси доданың қашан өтетіні белгісіз. Тиісті жарлық шыққан жоқ.