https://sputnik.kz/20220907/almaty-oblysynyn-politseyleri-zhukti-ayel-27370542.html
Алматы облысының полицейлері жүкті әйелді патрульдік көлікте босандырып алды
Алматы облысының полицейлері жүкті әйелді патрульдік көлікте босандырып алды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысының полицейлері жүкті әйелді патрульдік көлікте босандырып алды, деп хабарлайды Polisia.kz. 07.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-07T20:52+0500
2022-09-07T20:52+0500
2022-09-07T20:52+0500
өңірлер
алматы облысы
полицей
жүкті әйел
https://sputnik.kz/img/977/96/9779670_0:180:1920:1260_1920x0_80_0_0_4c4d4c91e1e378df1a5486adbc29e41f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысының полицейлері жүкті әйелді патрульдік көлікте босандырып алды, деп хабарлайды Polisia.kz. 7 қыркүйекке қараған түні Қарасай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жүкті әйелге көмек көрсеткен. Тәртіп сақшылары толғағы келген әйелді перзентханаға барар жолда патрульдік көлікте босандырып алды. Алғашқы көмек көрсетілген соң, анасы мен сәби дереу ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлерге тапсырылған. Жаңа туған нәрестенің ата-анасы полицейлерге алғыс білдірді.
https://sputnik.kz/20220325/politsey-bala-qyzmettik-kolik-video-23740910.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/977/96/9779670_0:0:1920:1440_1920x0_80_0_0_eab6a8cbaa2c15b18b85d4efb12de2ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, полицей, жүкті әйел
алматы облысы, полицей, жүкті әйел
Алматы облысының полицейлері жүкті әйелді патрульдік көлікте босандырып алды
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысының полицейлері жүкті әйелді патрульдік көлікте босандырып алды, деп хабарлайды
Polisia.kz.
7 қыркүйекке қараған түні Қарасай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жүкті әйелге көмек көрсеткен. Тәртіп сақшылары толғағы келген әйелді перзентханаға барар жолда патрульдік көлікте босандырып алды.
"Оқиға Алматы-Боралдай-Жібек жолы бағытының 16-шы шақырымында болған. Ер адам патрульдік полиция қызметкерлерін тоқтатып, жүкті әйелін ауруханаға жеткізуді өтінген. Жол бойында әйелді толғақ қысып, полиция қызметкерлері оны босандырып алуға мәжбүр болды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алғашқы көмек көрсетілген соң, анасы мен сәби дереу ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлерге тапсырылған.
Жаңа туған нәрестенің ата-анасы полицейлерге алғыс білдірді.