Қоғам

Желіде танымал болған полицей бала қызметтік көлікке мінді – видео

© Sputnik / Абзал КалиевПолиция көлігі
Полиция көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2022
Жазылу
5 жастағы Бақдәулет Ағзамов мектепке даярлық сыныбына барып жүр. Ол үш жасынан полицей болуды армандады
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Демалыс күндері әлеуметтік желіде полицей формасын киген баланың видеосы кеңінен тарап кетті.
Ол Қарағанды облысының Шет ауданындағы ауылдардың бірінде жолда тұрған. Қарағанды облыстық полиция департаменті жас автоинспекторды тауып алды.
5 жастағы Бақдәулет Ағзамов мектепке даярлық сыныбына барып жүр. Әкесінің айтуынша, баласы үш жасынан полицей болуды армандай бастайды.
Бірақ отбасында тәртіп сақшылары жоқ. Ата-анасы кәсіпкер.
Олар баласының арманын орындаймыз деп, 23 наурызда полицейдің формасын алып берген. Бақдәулет оны киіп алып, далаға шыққан. Әкесі дүкенге кіріп кеткенде баласы ауа-райының қолайсыздығынан тас жолдардың жабылғанын естіп, көлік жүргізушілеріне ескерту жасай бастайды. Сөйтіп, Ақсу-Аюлы аулында видеоға түсіп қалды.
Видеоны көрген полицейлер баланы тауып алды. Ал Шет аудандық полиция бөлімінің бастығы Мадияр Менисов оған өзі барып, жас автоинспекторды қызметтік көлікке отырғызды. Одан кейін бөлімге алып барып, полицияның жұмысымен таныстырды.
Балаға естелік сыйлықтар да табысталды.
Жаңалықтар
0