Төрт жоғары оқу орнында оқытушылардың жалақысы екі есе өсті

© Sputnik / Абзал КалиевӘмиян
Әмиян - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Мәдениет және өнер саласындағы жоғары білім беру ұйымдарында оқытушылардың лауазымдық еңбекақы коэффициенті екі есеге артты. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесуінде хабарлады.
"Еңбекке ақы төлеудің жаңа ережелері төрт шығармашылық жоғары оқу орнына қолданылады, олар: Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы; Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы; Қазақ ұлттық өнер университеті; Қазақ ұлттық хореография академиясы", - делінген мәдениет және спорт министрлігінің хабарламасында.
Айта кетері, бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында МСМ мәдениет комитетінің төрағасы Роза Кәрібжанова енгізілген өзгерістер туралы айтып берді.
"Болашақ кадрларды Қазақстанның еңбек сіңірген және халық әртістері, шығармашылық интеллигенцияның көрнекті өкілдері даярлайды. Сонымен қатар студенттер еліміздің үздік мәдениет ұйымдарында тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады. Ал еңбекақыға қатысты айтсақ, оқытушыларымыздың лауазымдық еңбекақысын қайта есептеліп, коэффициент 1.75 – тен 3.5-ке дейін артады", - деді Роза Кәрібжанова.
Мысалы, профессордың еңбекақысы 267 754 теңгеден 435 373 теңгеге дейін өсті, енді ЖОО доценті 243 451 теңге емес, 395 855 теңге алады.
Балалар - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2022
Аймағамбетов балабақша тәрбиешілерінің жалақысы көтерілетінін мәлімдеді
Жаңалықтар
0