https://sputnik.kz/20220903/aymagambetov-balabaqsha-tarbieshilerinin-zhalaqysy-koteriletinin-malimdedi-27255513.html
Аймағамбетов балабақша тәрбиешілерінің жалақысы көтерілетінін мәлімдеді
Аймағамбетов балабақша тәрбиешілерінің жалақысы көтерілетінін мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізіліп, балабақша тәрбиешілерінің жалақысы көтерілетінін... 03.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-03T13:41+0500
2022-09-03T13:41+0500
2022-09-03T13:41+0500
балабақша
тәрбиеші
жалақы
https://sputnik.kz/img/12/84/128411_0:0:2592:1458_1920x0_80_0_0_8f5b3c00b7ea5922ca42783a2b776b38.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізіліп, балабақша тәрбиешілерінің жалақысы көтерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Президент соңғы жолдауындабалабақшаларда жұмыс істейтінпедагогтардың жалақысын көбейтуді тапсырды. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бүгінде бұл саладағы мамандардың еңбекақысы орташа жалақыдан да төмен болып тұр.Бұдан бөлек, мемлекет басшысы аттестация енгізуге тапсырма берген болатын. Соның нәтижесі бойынша балабақша педагогтарының жалақысын арттыру жоспарланып отыр. Ал жүктеме азаяды."Президент тапсырмасының шеңберінде балабақша педагогтарын аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізіліп, жалақы көбейтіледі", - деп атап өтті Аймағамбетов.Айта кетері, Тоқаев сонымен қатар мектептерде жаратылыстану-математика және ағылшын тілін оқытуды күшейту қажеттігін айтты. Осыған орай, министрлік оқу бағдарламаларын жаңартуды жоспарлап отыр.
https://sputnik.kz/20220903/mektepte-birneshe-pannin-sagaty-kobeyedi--aymagambetov-27250453.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/12/84/128411_134:0:2438:1728_1920x0_80_0_0_509529c16e768ea6d19faaccc9d3718e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балабақша, тәрбиеші, жалақы
балабақша, тәрбиеші, жалақы
Аймағамбетов балабақша тәрбиешілерінің жалақысы көтерілетінін мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізіліп, балабақша тәрбиешілерінің жалақысы көтерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент соңғы жолдауындабалабақшаларда жұмыс істейтінпедагогтардың жалақысын көбейтуді тапсырды. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бүгінде бұл саладағы мамандардың еңбекақысы орташа жалақыдан да төмен болып тұр.
"Қазіргі уақытта балабақшаларда 1 педагогке 25 баладан келеді. Орташа жалақы 147 мың теңгені құрайды. Бұл республика бойынша орташа жалақыдан төмен", - деді Аймағамбетов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Бұдан бөлек, мемлекет басшысы аттестация енгізуге тапсырма берген болатын. Соның нәтижесі бойынша балабақша педагогтарының жалақысын арттыру жоспарланып отыр. Ал жүктеме азаяды.
"Президент тапсырмасының шеңберінде балабақша педагогтарын аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізіліп, жалақы көбейтіледі", - деп атап өтті Аймағамбетов.
Айта кетері, Тоқаев сонымен қатар мектептерде жаратылыстану-математика және ағылшын тілін оқытуды күшейту қажеттігін айтты. Осыған орай, министрлік оқу бағдарламаларын жаңартуды жоспарлап отыр.