https://sputnik.kz/20220905/qostanay-oblysy-orman-orti-el-azyq-tulik-qauipsizdigi-27278460.html
Қостанай облысындағы орман өрті елдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпейді – АШМ
Қостанай облысындағы орман өрті елдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпейді – АШМ
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Соңғы деректер бойынша, Қостанай облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының алқаптары жаппай өртенген жоқ. Орман өрті салдарынан... 05.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-05T08:58+0500
2022-09-05T08:58+0500
2023-08-10T17:15+0500
өңірлер
орман өрті
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/09/66/096620_0:222:2853:1827_1920x0_80_0_0_92dee5e821ecfae73354185258ece1ed.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Соңғы деректер бойынша, Қостанай облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының алқаптары жаппай өртенген жоқ. Орман өрті салдарынан аз ғана учаске зардап шекті, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.Атап айтқанда, Қарабалық ауданында 15 га дәнді және 2 га аумақта зығыр дақылдары өртенді. Меңдіқара ауданында 1 га астық жинау алқабы жойылды. Осылайша, Қостанай өңіріндегі жалпы егіс алаңының 0,1%-тен аз көлемі зардап шекті, ал өңірдегі егістіктің жалпы аумағы 5,3 млн га құрайды.3 қыркүйектегі жағдай бойынша өңірде 1,8 млн га немесе егіс алаңының 45,3%-і, 1,8 млн тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды.Жалпы облыстың шаруалары биыл 3,9 млн га дәнді және дәнді-бұршақты, 3,5 млн га бидай және 749,1 мың га майлы дақыл отырғызған болатын.Айта кетері, астық дақылдары бойынша егін жинау жұмыстары республиканың барлық өңірінде белсенді жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда диқандар 7 млн га дәнді дақыл жинады (немесе барлық астық көлемінің 43,7%), 12,2 ц/га орташа өнімділікпен 8,6 млн тонна астық бастырылды (2021 жылы ұқсас кезеңімен салыстырғанда орташа өнімділік 7,8 ц/га құрады).
https://sputnik.kz/20220905/qostsnay-oblysyndagy-ort-ministrlik-qyrylgan-mal-sanyn-zhariyalady-27274377.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/09/66/096620_61:0:2792:2048_1920x0_80_0_0_4183bb993cc3f299fdfe41338f59ecf7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орман өрті, азық-түлік
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Соңғы деректер бойынша, Қостанай облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының алқаптары жаппай өртенген жоқ. Орман өрті салдарынан аз ғана учаске зардап шекті, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Атап айтқанда, Қарабалық ауданында 15 га дәнді және 2 га аумақта зығыр дақылдары өртенді. Меңдіқара ауданында 1 га астық жинау алқабы жойылды. Осылайша, Қостанай өңіріндегі жалпы егіс алаңының 0,1%-тен аз көлемі зардап шекті, ал өңірдегі егістіктің жалпы аумағы 5,3 млн га құрайды.
"Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облысындағы табиғи апат Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне, өнімнің болжанған көлеміне, сондай-ақ, экспорттық уағдаластықтардың орындалуына ешқандай кері әсерін тигізбейтінін мәлімдейді", - делінген хабарламада.
3 қыркүйектегі жағдай бойынша өңірде 1,8 млн га немесе егіс алаңының 45,3%-і, 1,8 млн тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды.
Жалпы облыстың шаруалары биыл 3,9 млн га дәнді және дәнді-бұршақты, 3,5 млн га бидай және 749,1 мың га майлы дақыл отырғызған болатын.
Айта кетері, астық дақылдары бойынша егін жинау жұмыстары республиканың барлық өңірінде белсенді жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда диқандар 7 млн га дәнді дақыл жинады (немесе барлық астық көлемінің 43,7%), 12,2 ц/га орташа өнімділікпен 8,6 млн тонна астық бастырылды (2021 жылы ұқсас кезеңімен салыстырғанда орташа өнімділік 7,8 ц/га құрады).