https://sputnik.kz/20220905/qostsnay-oblysyndagy-ort-ministrlik-qyrylgan-mal-sanyn-zhariyalady-27274377.html
Қостанай облысындағы өрт: министрлік қырылған мал санын жариялады
Қостанай облысындағы өрт: министрлік қырылған мал санын жариялады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облысында өрт салдарына қатысты ақпарат жариялады. 05.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-05T07:36+0500
2022-09-05T07:36+0500
2022-09-05T07:45+0500
өңірлер
қостанай облысы
өрт
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e6/09/04/27268370_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_a7621f22cb1a2790797e70a999ee6b67.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облысында өрт салдарына қатысты ақпарат жариялады."4 қыркүйектегі мәліметтер бойынша Қостанай облысындағы өрт салдарынан Қарасу ауданының Люблинка ауылында және Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында 12 бас ІҚМ, 118 бас шошқа және 261 бас құс қырылды", - делінген хабарламада.Қостанай облысы әкімдігінің және төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша орман өртінің салдарынан азын аулақ ауыл шаруашылығы дақылдарының зардап шеккен егістік учаскелері бар. Айта кетейік, өңірдегі жалпы егіс алқабы 5,3 млн га құрайды, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 3,9 млн га, бидай 3,5 млн га және майлы дақылдар 749,1 мың га.Сондай-ақ, өңір әкімдігінің жедел мәліметтері бойынша, биылғы жылдың 3 қыркүйегіне дейін 1,8 млн га немесе егіс алаңының 45,3%, 1,8 млн тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды.
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/04/27268370_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_ebbdcbcb6fee06b1b6caaf1a484be451.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, өрт, ауыл шаруашылығы
қостанай облысы, өрт, ауыл шаруашылығы
Қостанай облысындағы өрт: министрлік қырылған мал санын жариялады
07:36 05.09.2022 (жаңартылды: 07:45 05.09.2022) НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облысында өрт салдарына қатысты ақпарат жариялады.
"4 қыркүйектегі мәліметтер бойынша Қостанай облысындағы өрт салдарынан Қарасу ауданының Люблинка ауылында және Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында 12 бас ІҚМ, 118 бас шошқа және 261 бас құс қырылды", - делінген хабарламада.
Қостанай облысы әкімдігінің және төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша орман өртінің салдарынан азын аулақ ауыл шаруашылығы дақылдарының зардап шеккен егістік учаскелері бар.
"Бірақ алқаптар жаппай жойылған жоқ. Атап айтқанда, Қарабалық ауданында 17 га егін орағы өртенді. Меңдіқара ауданында 1 га дәнді дақылдар зардап шекті. Өртенген дақылдың көлемі нақтыланып жатыр. Қосымша ақпарат мәліметтер түскен соң берілетін болады", - деп хабарлады ведомство.
Айта кетейік, өңірдегі жалпы егіс алқабы 5,3 млн га құрайды, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 3,9 млн га, бидай 3,5 млн га және майлы дақылдар 749,1 мың га.
Сондай-ақ, өңір әкімдігінің жедел мәліметтері бойынша, биылғы жылдың 3 қыркүйегіне дейін 1,8 млн га немесе егіс алаңының 45,3%, 1,8 млн тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды.