Ақмола облысында аң аулап жүрген ер адам танысын жарақаттады

© Photo : Sergey NemoАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында аң аулап жүрген ер адам абайсызда танысын жарақаттады, деп хабарлады Polisia.kz.
2 қыркүйекте Атбасар АПБ-ға аудандық аурухананың қабылдау бөліміне кеуде тұсынан оқ жарақатын алған 39 жастағы жергілікті тұрғын жеткізілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Алдын ала тергеу барысында 2 қыркүйекте кешкі сағат 17.00 шамасында Атбасар қаласының 32 жастағы тұрғыны аң аулап жүргенде абайсызда жәбірленушіні атып жібергені анықталды. Оқиға Есіл өзенінің маңында болған.
Следственный изолятор - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2022
Жидек терген әйелді атқан кім: СҚО-да зейнеткермен бірге полицей қамауға алынды
Жаңалықтар
0