Жидек терген әйелді атқан кім: СҚО-да зейнеткермен бірге полицей қамауға алынды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуСледственный изолятор
Следственный изолятор - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2022
Жазылу
Оны уақытша тергеу изоляторына қамап тастады
НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында жидек тергенде оқ жарақатынан қайтыс болған әйелдің ісі бойынша учаскелік инспекторы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқиғаның мән-жайы

Жамбыл ауданының 51 жастағы тұрғыны Алтынай Мұздақбаева далада жидек теріп жүрген. Дәл сол жерде ауылдасы – Бауманская станциясының 65 жастағы тұрғыны винтовкамен құс атқан. Тоғайдың арасында бір қозғалысты байқап, шүріппені басым жіберген. Ал жақындап қарағанда әйелдің иығынан атқанын көрді. Зәресі ұшқан зейнеткер ауылға жүгіріп барып, оқиғаның мән-жайын учаскелік инспекторға айтқан. Артынан ер адам ұсталды.
Оны уақытша тергеу изоляторына қамап тастады. Аңшы өз кінәсін мойынады, мылтықты көлге лақтырып кеткенін де айтты. Алайда сүңгуірлер қаруды таба алмады. Алтынай Мұздақбаева оқ жарақатынан біраз қан жоғалтып, ауруханада қайтыс болды. Ал марқұмның туыстары тергеу басталған бойда оқ атқан зейнеткер емес, учаскелік полицей деп мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген Алтынайдың ұлы анасының құрбысына телефон шалып үлгергенін айтты. Ақ түсті көліктен атқанын да жеткізді. Бірақ нақты қай жерде жатқанын түсіндіре алмады. Осыдан кейін туыстары және ауылдастары Алтынайды іздеуге кіріскен. Ауыл тұрғындарының біреу оқиға орнына бірінші болып барды. Сол жерде зәресі ұшқан шал мен инспекторды көрген. Екеуі де қанға малынып жатқан әйелге қарап тұрды.
Оны ауруханаға апаруға да асықққан жоқ. Жедел жәрдемді шақырмай отырды. Зейнеткер мен инспектродың аузынан спирттің иісі мүңкіп тұрды. Алтынайдың туған-туыстары өздігімен тергеу жүргізіп, зейнеткер мен учаскелік инспектордың бірге ішімдік ішкенін анықтады. Артынан аң аулауға шешім қабылдаған. Барлығы бірдей инспектордың оқ атқанын айтып отыр. Өйткені зейнеткердің көзі дұрыс көрмейді. Содан көптен бері аңшылықпен айналыспайды.
"Адам жарақат алып жатыр ғой. Олар бірден алғашқы көмек көрсетсе, анам тірі қалатын еді. Бірақ олай істеген жоқ. Адамды атып тастады да, ізін жасыруға кірісті. Қаруды да, гильза мен патронды да тығып қойды. Содан кейін ғана оқиға орнына барды, ал учаскелік инспектор енді ғана келгендей болды", - дейді марқұмның ұлы Алтынбек Сайлауов.
Алтынайдың туыстары әділеттілікті талап етіп отыр. Бас прокуратурадан тергеу шараларын жеке бақылауға алуды сұрайды.

Инспектор қамауға алынды

Облыстық прокуратураның мәліметіне сәйкес, жергілікті учаскелік инспекторды алдымен жұмыстан шығарып жіберген. Артынан ұстап, изоляторға қамап тастады. Бірақ ол адам өлтіру фактісі емес, қызмет атқару кезінде тиісті шара қолданбағаны үшін айыпталып отыр. Тексерістің алдын ала қорытындысы бойынша ол күні полицей зейнеткермен бірге болған. Бірақ оқ атпады.
Зейнеткер абайсызда адам өлтіргені үшін айыпталды. Ал инспектор қылмыстық тәртіп бұзушылыққа тосқауыл жасамады. Осылыйша, қызметтік міндеттерін орындаған жоқ. Соның салдарынан адам қайтыс болды. Қазіргі кезде 65 жастағы зейнеткер Қылмыстық кодекстің екі бабы - 104-1 (абайсызда қазаға ұшырату) және 287-3 (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша жауапқа тартылып отыр.
Ал бұрынғы инспектор 370-баптың 4-бөлігі (Қызметтегi әрекетсiздiк) үшін сотталады. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. Облыстық полиция департаменті Жамбыл ауданы бойынша учаскелік инспектордың 2022 жылы 19 шілде күні ішкі істер органдарын шығарылғанын хабарлады.
Жаңалықтар
0