Аманқарағай ауылының тұрғындарына 100 шаршы метрлік үйлер салынады

© Photo : Оперативный штаб МЧС РКАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысында өрт салдарынан баспанасынан айырылған тұрғындар үшін 100 шаршы метрлік бір қабатты үйлер салынады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, Аманқарағай ауылында 85 үй, ал Озерное ауылында 6 баспана жанып кетті. Техникалық тексеріске сәйкес тұрғын үйлер қайта қалпына келтіруге жарамсыз.
Қазіргі таңда Әулиекөл ауылында 2 гектар жер телімі бөлінді. Ондағы әр 8 сотық жерге жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрайтын бір қабатты баспаналар салынады. Бұл аудан орталығы, сондықтан үйі жанып кеткен отбасыларға сол жерге көшіп барған тиімді. Әулиекөлде қажетті инфрақұрылым бар, әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы нысандар да жақын.
"Жергілікті мердігер ұйымдарды тарту арқылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастайды. Құрылыс кезінде тек отандық өнімдер ғана қолданылады. Бүгінде жұмысты жедел түрде бастауға тапсырма қойылып отыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі екі ай ішінде құрылыс жұмыстарын толықтай аяқтауды көздейді", – дейді Дауылбаев.
Қазіргі кезде мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында қажетті қаражат бөлінді. Бұған дейін президент зардап шеккен азаматтармен кездесіп, жаңа баспаналар екі-екі жарым айда салынатынын айтты.
Тоқаев Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккен азаматтармен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2022
Өрттен зардап шеккендерге үкімет жаңа үй салып береді – президент
Жаңалықтар
0