Өрттен зардап шеккендерге үкімет жаңа үй салып береді – президент

© Photo : Пресс-служба Президента Республики КазахстанТоқаев Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккен азаматтармен кездесті
Тоқаев Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккен азаматтармен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккен азаматтармен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақорданың Telegram каналына сілтеме жасап.
© Photo : Пресс-служба Президента Республики КазахстанТоқаев Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккен азаматтармен кездесті
Тоқаев Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккен азаматтармен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2022
Тоқаев Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккен азаматтармен кездесті
Шұғыл әрекет ету штабының отырысынан кейін президент Аманқарағай ауылын аралады. Әулиекөл ауылындағы мектепте орналасқан эвакуациялау пунктіне кіріп, зардап шеккен азаматтармен кездесті.
"Өкінішке қарай, үлкен өрт болды. Дегенмен тиісті көмек көрсетіледі. Сіздердің баспанасыз қалғандарыңызды білемін. Үкімет екі, екі жарым айда сіздерге бұрынғыдан әлдеқайда жақсы жаңа үйлер салып береді", – деді Тоқаев.
Президент еріктілермен әңгімелесіп, оларға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты. Гуманитарлық көмек тарату пунктіне де барды.
Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2022
Тоқаев өрт сөндірушілердің жағдайын көтеруге уәде етті – видео
Жаңалықтар
0