Өңірлер

Қостанай облысындағы жағдай: министр өртке не себеп болуы мүмкін екенін айтты

© Sputnik / Владислав ВодневЮрий Ильин
Юрий Ильин - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек - Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі өртке найзағай себеп болуы мүмкін деген болжамды қарастырып отыр. Бұл туралы брифинг барысында ведомство басшысы Юрий Ильин мәлімдеді.
Ол сондай-ақ, қазір тергеуде осындай көлемдегі өртке әкелуі мүмкін барлық нұсқа қарастырылып жатқанын айтты.
Елді мекендердегі өртті сөндіру аяқталып, орман аймағындағы өртті басу жұмыстары жүргізілуде, деп қосты ол.
Бұған дейін төтенше жағдайлар департаменті өрттің таралуына жоғары температура мен жылдамдығы 20 м/с болатын екпінді жел ықпал еткенін хабарлаған болатын.
Еске салсақ, Қостанай облысында жергілікті төтенше жағдай режимі жарияланды.
1800 адам эвакуацияланды, 200-ге жуығы мектептерде орналастырылды, деп хабарлады облыстың төтенше жағдайлар департаменті.
Үйлері қауіпсіз жерде тұрған кейбір тұрғындар баспанасына оралды, кейбірі туыстарына кетіп жатыр.
Лесной пожар в Костанайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2022
Өңірлер
Қостанайда екі зауыт өрттен зардап шеккендерге 100 млн теңге аударады
Жаңалықтар
0