Өңірлер

Қостанайда екі зауыт өрттен зардап шеккендерге 100 млн теңге аударады

© Photo : МЧС РКЛесной пожар в Костанайской области
Лесной пожар в Костанайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Қостанайда "Allur" мен "АгромашХолдинг KZ" машина жасау зауыттары орман өртінен зардап шеккендерге 100 миллион теңге көлемінде материалдық көмек береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ресми хабарламаға сілтеме жасап.
Қазіргі кезде осы кәсіпорындарда шұғыл штаб құрылды. Ал қызметкерлер оқиға орнында жүр. Штаб зардап шеккендерді тасымалдауға және өрт салдарын жоюға арналған көліктерді дайындап қойды. Қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмек сатып алынды. Зауыттарда эвакуация пунктері де жасақталды.
"Кешеде бері зауыттардан 8 автобус жіберілді. Бұдан бөлек, 7 тоналық жанар-жағармай құю көлігі барды. Еріктілер дайын отыр, олардың ішінде дәрігерлре мен психологтар бар", - дейді Allur зауытының директоры Сырым Семейбаев.
Айта кетері, Қостанай облысындағы орман өрті 43 мың гектарға шарпыды. Тілсіз жау әлі тоқтатылған жоқ. Бір адам қаза тапты. 100-ден астам құрылыс нысаны жанып кетті.
Halyk Bank в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2022
Қостанайдағы өрт: ірі банк зардап шеккендердің кредитін кешіріп, миллион теңгеден береді
Жаңалықтар
0