https://sputnik.kz/20220903/otbasynda-zhanzhal-shygaratyndar-qalay-zhazalanady--aldagy-ozgerister-zhariyalandy-27251111.html
Отбасында жанжал шығаратындар қалай жазаланады – алдағы өзгерістер жарияланды
Отбасында жанжал шығаратындар қалай жазаланады – алдағы өзгерістер жарияланды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов отбасылық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтілетінін айтты. Бұл тапсырма президенттің... 03.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-03T12:16+0500
2022-09-03T12:16+0500
2022-09-03T12:16+0500
отбасылық жанжал
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0e/23493304_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_cff6c6c05e5014f08b98fb49354da3cb.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов отбасылық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтілетінін айтты. Бұл тапсырма президенттің соңғы жолдауында берілген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Алдағы уақытта әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қамауға алу мерзімінің төменгі шегін белгілеу жоспарланып отыр. Отбасында жанжал шығарғандар кем дегенде 5 тәулікке қамауға алынады.Полиция арыз-шағымсыз тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қозғай алады. Ал сот нақты жазаны тағайындайды."Сондай-ақ заңсыз әрекетті қайталап жасаған кезде мұндай құқықты алып тастау арқылы тараптардың сотта татуласу рәсіміне қойылатын талаптарды қатаңдату жоспарланып отыр. Бұл жәбірленушіге көрсететін психологиялық қысымды тоқтатуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті ішкі істер министрі.Бұдан бөлек, қазіргі кезде ескертуді қоғамдық жұмыстарға ауыстыру мәселесі пысықталып жатыр. Осылайша үйде жанжал шығаратындар көшені тазалау, жол салу және жөндеу, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тартылады.
https://sputnik.kz/20220901/qazaqstan-otbasylyq-zorlyq-zombylyq-27190820.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0e/23493304_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_1ceb0e939c886c42d52fa49c78702a49.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
отбасылық жанжал
Отбасында жанжал шығаратындар қалай жазаланады – алдағы өзгерістер жарияланды
НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов отбасылық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтілетінін айтты. Бұл тапсырма президенттің соңғы жолдауында берілген, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Алдағы уақытта әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қамауға алу мерзімінің төменгі шегін белгілеу жоспарланып отыр. Отбасында жанжал шығарғандар кем дегенде 5 тәулікке қамауға алынады.
"Сондай-ақ қайталама құқық бұзушылықтар бойынша қамауға алу мерзімін 20 тәуліктен 25 тәулікке дейін ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу бойынша арыз беруден анықтау қағидатына көшу көзделіп отыр", - деді Ахметжанов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Полиция арыз-шағымсыз тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қозғай алады. Ал сот нақты жазаны тағайындайды.
"Сондай-ақ заңсыз әрекетті қайталап жасаған кезде мұндай құқықты алып тастау арқылы тараптардың сотта татуласу рәсіміне қойылатын талаптарды қатаңдату жоспарланып отыр. Бұл жәбірленушіге көрсететін психологиялық қысымды тоқтатуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті ішкі істер министрі.
Бұдан бөлек, қазіргі кезде ескертуді қоғамдық жұмыстарға ауыстыру мәселесі пысықталып жатыр. Осылайша үйде жанжал шығаратындар көшені тазалау, жол салу және жөндеу, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тартылады.