Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын қашан қорғайды

© AFP 2024 / YURI CORTEZ Жәнібек Әлімханұлы
 Жәнібек Әлімханұлы - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын осы жылдың күзінде қорғайды, деп хабарлады Sports.kz.
ESPN дереккөзінің мәліметінше, жекпе-жек қараша айында Top Rank ұйымдастыратын бокс кеші аясында өтеді. "Қазақ стилінің" қарсыласы кейінірек анықталады.
Еске сала кетейік, өткен аптада Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы ретінде жариялады.
Бұған дейін чемпиондық белбеудің иегері Деметриус Андраде екінші орта салмаққа ауысатынын мәлімдеді. Ал Жәнібек Әлімханұлы 21 мамырда британдық Дэнни Дигнумды нокаутпен жеңіп, орта салмақтағы уақытша чемпион болған. Андраде белбеуден бас тартқаннан кейін қазақстандық боксшы жекпе-жексіз WBO титулына ие болды.
 Казахстанский боксер Жанибек Алимханулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2022
Тоқаев әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлын құттықтады
Жаңалықтар
0