Тоқаев әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлын құттықтады

© AFP 2024 / Yong Teck Lim Казахстанский боксер Жанибек Алимханулы
 Казахстанский боксер Жанибек Алимханулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлын құттықтады.
Президент әлемдік деңгейде шаршы алаң шебері атанған боксшыларымыз аз емес екенін, Қазақстан бокс мектебінің абыройын асқақтатуға Жәнібек Әлімханұлының да зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
"Қажырлы еңбегіңіз бен мұқалмас ерік-жігеріңіздің арқасында қазақтың бокс стилінің үстемдігін тағы бір рет паш еттіңіз. Бұл айтулы жетістігіңіз жас өрендеріміздің спортқа, әсіресе боксқа деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Үлкен спорттағы әр қадамыңыз – олар үшін үлгі-өнеге. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, спортта толағай табыс тілеймін!", – деп жазылған мемлекет басшысының құттықтау жеделхатында.
Бүгін Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы ретінде жариялады.
Бұған дейін чемпиондық белбеудің иегері Деметриус Андраде екінші орта салмаққа ауысатынын мәлімдеді. Ал Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы уақытша чемпион болған. Андраде белбеуден бас тартқаннан кейін қазақстандық боксшы жекпе-жексіз WBO титулына ие болды.
 Жанибек Алимханулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2022
Спорт
"Бұл тарихи сәт!". Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпионы атанды
Жаңалықтар
0