Спорт

"Бұл тарихи сәт!". Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпионы атанды

© AFP 2024 / Yong Teck Lim Жанибек Алимханулы
 Жанибек Алимханулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2022
Жазылу
Боксшы өзінің Twitter парақшасында ұйымның шешіміне қатысты пікір білдірді
НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы ретінде жариялады. Бүгін ұйымның ресми қаулысы шықты, деп хабарлайды Sports.kz.
Бұған дейін чемпиондық белбеудің иегері Деметриус Андраде екінші орта салмаққа ауысатынын мәлімдеді. Ал Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы уақытша чемпион болған. Андраде белбеуден бас тартқаннан кейін қазақстандық боксшы жекпе-жексіз WBO титулына ие болды.
"Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы "уақытша" чемпион дәрежесінен толыққанды чемпион мәртебесіне көтерілді. Осы атақ дәл қазір күшіне енеді", - делінген WBO хабарламасында.
Боксшы өзінің Twitter парақшасында ұйымның шешіміне қатысты пікір білдірді.
"Мен – әлем чемпионымын! Мен - WBO чемпионы атанған тұңғыш қазақпын. Бұл тарихи сәт! Мен өте бақыттымын, Аллаға шүкір! Әлхамдулилла!", - деп жазды Әлімханұлы.
Әлімханұлы басқа тұжырымдар бойынша әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырды. Атап айтқанда, Чарломен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді.
"Чарломен жұдырықтасып, WBC бойынша әлем чемпионы титутын жеңгім келеді! Бұл жеңіл жұмыс болады! Бәрі біледі, мен "жеңіл жұмыс" десем, шынымен де, жеңіл жұмыс болады, Иншаллах", - деп атап көрсетті Әлімханұлы.
Айта кетері, Жәнібек Әлімханұлы мамыр айында британдық Дэнни Дигнумды нокаутпен жеңіп, WBO-ның "уақытша" чемпионы белбеуін жеңіп алған болатын.
Жаңалықтар
0