Атырауда мүмкіндігі шектеулі азамат өзіне қол жұмсамақ болды

© PhotoАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Атырауда мүмкіндігі шектеулі азамат, үш баланың әкесі ақшаның жетіспеушілігінен өзіне қол жұмсамақ болды: ер адамды полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлады "Мой город" порталы.
Полицейлер түнгі сағат екіде Жұмыскер – Балықшы көпіріне шақыртумен барып, онда 35 жастағы мас ер адамның тұрғанын көрген.
Ер адам тәртіп сақшысына өзінің екінші топтағы мүгедек екенін айтқан. Ол отбасына ақша таба алмағандықтан, өз өмірін қиғысы келгенін жеткізген.
Полицейлер оны ағат қадам жасамауға көндіріп, полиция бөліміне жеткізді.
Инвалид - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2022
Елде 1,8 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жанның құқығы бұзылған – Бас прокуратура
Жаңалықтар
0