https://sputnik.kz/20220804/mumkindigi-shekteuli-bas-prokuratura-26531571.html
Елде 1,8 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жанның құқығы бұзылған – Бас прокуратура
Елде 1,8 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жанның құқығы бұзылған – Бас прокуратура
Sputnik Қазақстан
Олардың 11 мыңнан астамының құқықтары қорғалды 04.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-04T16:13+0500
2022-08-04T16:13+0500
2022-08-04T16:13+0500
мүмкіндігі шектеулі тұлғалар
бас прокуратура
https://sputnik.kz/img/727/74/7277498_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_5fec94656d3dde9a35a433cf1bd8fb90.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Прокурорлар мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының сақталуын тексеру аясында 1,8 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады. Олардың 11 мыңнан астамының құқықтары қорғалды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша жеті аудандық және қалалық әкімдіктің қаулылары осы санаттағы адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын ұлғайту арқылы өзгертілді. Жалпы, прокуратура органдарының тексеру нәтижелері негізінде осы салада 12 сотқа дейінгі тергеу басталды. "Мысалы, Қызылорда облысында әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өздерінің дәрменсіз қамқоршыларының дербес және биометриялық деректерін пайдалана отырып, өздеріне ақша қаражаттарын, зейнетақылар мен жәрдемақыларды аударды. Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - дейді ведомстводағылар.Тексеру нәтижесінде барлығы 336 қадағалау актісі енгізілді, 130 тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 65 тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 2 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жергілікті жерлердегі уәкілетті органдар прокурорлар анықтаған заң бұзушылықтарды жою және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін тиісті шаралар қабылдауға кірісті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/727/74/7277498_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_1cf6c4fcd7417efbb910b9e838fef87b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, бас прокуратура
мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, бас прокуратура
Елде 1,8 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жанның құқығы бұзылған – Бас прокуратура
Олардың 11 мыңнан астамының құқықтары қорғалды
НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Прокурорлар мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының сақталуын тексеру аясында 1,8 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады.
Олардың 11 мыңнан астамының құқықтары қорғалды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша жеті аудандық және қалалық әкімдіктің қаулылары осы санаттағы адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын ұлғайту арқылы өзгертілді.
"Қостанай облысында прокуратураның араласуынан кейін психоневрологиялық интернатта тұратын мүгедектігі бар адамға тиесілі пәтерге үшінші тұлғаның меншік құқығын тану туралы сот шешімінің күші жойылды. Алматы қаласының прокуратурасы "Жанұя" мамандандырылған кешенінің 23 тәрбиеленушісіне асыраушысынан айрылу және мүгедектігі бойынша жәрдемақы осындай төлемдерге құқық алған сәттен бастап 5-10 жылдан кейін тағайындалғанын анықтады. Қадағалау актісі бойынша кінәлі тұлғалар есебінен балаларға 10,6 млн теңге өтелді. Ақтөбе облысының прокурорлары мүгедектігі бар 40 студентке мемлекеттік стипендия төлеуді қамтамасыз етті", - делінген хабарламада.
Жалпы, прокуратура органдарының тексеру нәтижелері негізінде осы салада 12 сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Мысалы, Қызылорда облысында әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өздерінің дәрменсіз қамқоршыларының дербес және биометриялық деректерін пайдалана отырып, өздеріне ақша қаражаттарын, зейнетақылар мен жәрдемақыларды аударды. Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - дейді ведомстводағылар.
Тексеру нәтижесінде барлығы 336 қадағалау актісі енгізілді, 130 тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 65 тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 2 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Жергілікті жерлердегі уәкілетті органдар прокурорлар анықтаған заң бұзушылықтарды жою және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін тиісті шаралар қабылдауға кірісті.