Қазпоштаның екі қызметкері 37 млн теңге ұрлаған – сот үкімі шықты

"Қазпочта" АҚ ғимараты
Қазпочта АҚ ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2022
Жазылу
Қазпоштаның екі қызметкері 37 млн теңге ұрлаған – сот үкімі шықты
НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында "Қазпошта" АҚ-ның екі қызметкері 37 миллион теңге ұрлап, жеті жылға сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, олар Қазпоштаның ЖШС шотына өткізген ақшасын 7 жыл бойы ұрлап келген.
"Сонымен қатар 2013-2020 жылдары құжаттарды қолдан жасау арқылы зейнеткердің 1,2 миллион теңгедан астам қаражатын иемденіп алған", - дейді агенттік қызметкерлері.
Сот үкімімен Қазпоштаның екі қызметкері 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға қаржылық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2022
"Қазпоштадан" 300 млн теңгеге жуық ақша ұрлаған алаяқтар сотталды
Жаңалықтар
0