https://sputnik.kz/20220729/qazposhta-alayaqtar-sot-26429123.html
"Қазпоштадан" 300 млн теңгеге жуық ақша ұрлаған алаяқтар сотталды
"Қазпоштадан" 300 млн теңгеге жуық ақша ұрлаған алаяқтар сотталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. "Қазпошта" АҚ компания қызметкерлері 294 миллион теңге ұрлағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. 29.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-29T20:06+0500
2022-07-29T20:06+0500
2022-07-29T20:06+0500
қазпошта
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:53:1280:773_1920x0_80_0_0_974041005514cf0b20fba383cdfc1341.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. "Қазпошта" АҚ компания қызметкерлері 294 миллион теңге ұрлағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды."Қазпошта қызметкерлері 294 миллион теңге ұрлағаны туралы БАҚ-та жария болған ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп хабарлады компания.Компания Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты "Қазпошта" АҚ-дан аса ірі мөлшерде ақша жымқырды деп танылған төрт азаматты 6 жылдан 6,6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кескенін атап өтті."Сотталғандардың Қазпошта қызметкерлері емес екенін және ешқашан болмағанын атап өткіміз келеді. Қазпошта – бұл қылмыстық істер бойынша жәбірленуші тарап. Материалдық шығын сомасын өндіріп алу мәселесі азаматтық сот ісін жүргізу аясында шешіліп жатыр", - деп түсіндірді компания.Сотқа дейінгі тергеу нәтижесі бойынша "Қазпошта" АҚ киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық жүйелерді қорғауды күшейту бойынша тиісті шаралар қабылдады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазпошта
НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. "Қазпошта" АҚ компания қызметкерлері 294 миллион теңге ұрлағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Қазпошта қызметкерлері 294 миллион теңге ұрлағаны туралы БАҚ-та жария болған ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп хабарлады компания.
Компания Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты "Қазпошта" АҚ-дан аса ірі мөлшерде ақша жымқырды деп танылған төрт азаматты 6 жылдан 6,6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кескенін атап өтті.
"Бұл интернет-қылмысы 2020 жылы жасалған. Осы алаяқтықтың салдарынан компанияға жалпы сомасы 294 миллион теңгеден астам залал келтірілді, оның ішінде "Қазпошта" АҚ қызметкерлерінің қабылдаған шаралары арқасында қолды болған қаражаттың бір бөлігі – 72,3 миллион теңге серіктестікке қайтарылды", - делінген хабарламада.
"Сотталғандардың Қазпошта қызметкерлері емес екенін және ешқашан болмағанын атап өткіміз келеді. Қазпошта – бұл қылмыстық істер бойынша жәбірленуші тарап. Материалдық шығын сомасын өндіріп алу мәселесі азаматтық сот ісін жүргізу аясында шешіліп жатыр", - деп түсіндірді компания.
Сотқа дейінгі тергеу нәтижесі бойынша "Қазпошта" АҚ киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық жүйелерді қорғауды күшейту бойынша тиісті шаралар қабылдады.