Өңірлер

Он алты жыл бойы пайдаланылмаған 60 мың га жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Антикор Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы ірі жер учаскесінің пайдаланылмай жатқанын анықтады.
Анықталғандай, Сарысу ауданының әкімдігі 2006 жылы "БН Экотехнология" ЖШС-ға 49 жыл мерзімге 60 000 га жайылымдық жерді уақытша пайдалануға берген. Бұл аудандағы барлық жайылымның 10,2%-ін құрайды.
Алайда кәсіпорын жайылымдық жерді сол күйі пайдаланбаған, бүгінге дейін мал басы тіркелмеген.
"Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Жамбыл облысы әкіміне биыл 28 шілдеде жер пайдаланушыдан жерді мәжбүрлеп алып қою бойынша шаралар қабылдау туралы хат жолдады. Соның негізінде 19 тамызда Сарысу ауданының әкімдігі мемлекетке 60 000 га жерді қайтарды", - деп мәлімдеді Антикордың баспасөз қызметі.
Учаскенің кадастрлық бағалау құны 336,0 млн теңгені құрайды.
Жайылым - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2022
Солтүстік Қазақстанда шаруалар жайылым жерлерінен айырылып жатыр
Жаңалықтар
0