Қаңтар оқиғасы: 100-ден астам адам бас бостандығынан айырылды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғасына қатысты тергеу шаралары бойынша есеп берді, хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділовтың айтуынша, осы уақытқа дейін 4 642 қылмыстық іс қозғалды. Соның ішінде ұрлық (2,5 мың), қаруды ұрлау немесе сақтау (710), бұзақылық (418), мүлікті жою (199), қарақшылық және тонау (26) бар.
"971 істің өндірісі аяқталды, оның ішінде 609 айыпталушыға қатысты іс соттарға жолданды. Сот қарауының нәтижесі бойынша 539 айыпталушыға үкім шықты, олардың 425-і бас бостандығын шектеуге және 104-і ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталды", - деді Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Қазір 276 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Атап айтқанда, қаруды заңсыз сақтау (50), кісі өлтіру (33), билікті асыра пайдалану (40), ұрлық (16), бұзақылық (4) және тағы басқа қылмыстар.
Жалпы, бүгінгі таңда 40 мыңға жуық тергеу жүргізілді, 15 мыңнан астам азаматтан жауап алынды және 2,5 мыңнан астам сараптама тағайындалды.
Полицейские в огне во время столкновений с протестующими в центре Алматы, Казахстан, среда, 5 января 2022 г.  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2022
Бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың тізімін жариялады
Жаңалықтар
0