Бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың тізімін жариялады

Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Қазақстанның Бас прокуратурасы қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың тізімін жариялады.
Тізімде 238 адамның тегі бар.
Бас прокуратура қаза болғандардың жасын көрсетпеді.
Наурызда бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың тізімі істің барлық мән-жайы анықталған соң жарияланатынын хабарлаған болатын.

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер

Еске сала кетейік, Жаңаөзен мен Ақтауда газ бағасы көтерілгеннен кейін басталған бейбіт митингілер Маңғыстау облысында бейбіт аяқталды. Алматы мен басқа облыстарда тұрғындар жаңаөзендіктерді қолдауға шықты, алайда наразылық зорлық-зомбылыққа, тонау мен атысқа ұласты.
Осыдан кейін билік наразылықты "мемлекеттік төңкеріс" ұйымдастырмақ болғандар пайдаланғанын мәлімдеп, тәртіпсіздіктерге лаңкестік бандаларды айыптады.
Жаңалықтар
0