Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қаңтарда қаза болғандардың тізімі жариялана ма – бас прокурор жауап берді

© Sputnik / Rasul NazyrovАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Бас прокурор Берік Асылов әлеуметтік желіде тараған қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болғандардың тізіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз "Қаңтар-2022" деген тізімді зерделеп шықтық. Оны толық дұрыс деп айта алмаймын. Өйткені ол жерде шикіліктер бар. Біз қаза тапқан адамдардың тізімін жариялаған жоқпыз", - деді Асылов мәжілістің жалпы отырысында.
Осы орайда депутаттар көз жұмған 230 адамның тізімін ресми түрде жариялау мәселесі туралы сұрады.
Бас прокурордың айтуынша, ондай тізімді жариялау үшін туған-туыстарының пікірі де ескерілуі керек.
"Әке-шешесі мен туған-туыстарына қосымша қайғы әкелмейміз бе деген мәселе бар. Сондықтан біз ол тізімді ресми түрде жариялаған жоқпыз", - деп атап өтті бас прокурор.
Асылов тергеу кезінде ұсталған адамдардың ішінде кімнің тероррист, кімнің қылмыскер екенін анықтап, депутаттарға баяндайтынын айтты.
Айта кетері, соңғы ақпарат бойынша қаңтар оқиғасы кезінде барлығы 230 адам қаза тапты. Олардың арасында 19 күштік құрылым қызметкері мен әскерилер бар. Ең көп қаза тапқандар Алматыда – 139 адам.
Әкімшілік ғимараттарға жасалған шабуылдарға тойтарыс беру және құқықтық тәртіп орнату барысында шабуыл жасаған 86 адамның көзі жойылды.
Көз жұмған 53 адам бойынша өлімнің мән-жайы анықталып жатыр. Олар қала аумағынан түрлі жарақатпен табылды, соның ішінде 48 – оқ жарақаты, 2 – пышақ, 3 түрлі жарақат және күйік.
Басқа жеті өңірде құқық қорғау күштері әкімдік, полиция, ҰҚК департаменті ғимараттарын қорғау кезінде шабуыл жасаған 63 адамды өлтірді.
Дәл қазір абайсызда 20 бейбіт азаматтың оқ тиіп көз жұмғаны анықталып отыр. Олардың 11-і Алматыда, 8-і Алматы облысында және біреуі Таразда.
Жаңалықтар
0