Өңірлер

Сәбиді 2 млн теңгеге сатпақ болған: қыздың ата-анасы мен сыбайластары ұсталды

© Photo : СС0 / Josef PichlerАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Алматы полициясы жаңа туған сәбиді екі миллион теңгеге сатпақ болғандарды ұстады.
Қылмыс жасады деген күдікпен жеті адам қамауға алынды. Олардың әрқайсысының рөлдері нақты бөлінген, деп хабарлайды Polisia.kz.
"24 жастағы келіншек пен онымен бірге тұратын 21 жастағы жігіт дүниеге келгеніне небәрі алты күн ғана болған қыздарын сатпақ болған. Олар сатып алушыларды екі ай бұрын іздей бастаған. Баланы Алматы қаласының тұрғындары 48 жастағы У. мен 46 жастағы Е. сатып алғысы келді. Тараптар 2 млн теңгеге келіскен. Алыс-берісті өткен демалысқа белгілеген. Алайда криминалдық полиция мен ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармаларының қызметкерлері күдіктілердің жоспарын бұзды", - дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
Бірінші болып сәбидің биологиялық ата-анасы ұсталды. Одан кейін – сатып алушылар мен ерлі-зайыпты делдалдар тұтқындалды. Сондай-ақ ақшалай сыйақыға баланың құжаттарын рәсімдеуге келіскен 56 жастағы әйел ұсталды.
Сатып алушылар мен делдалдар бір-біріне сәби мен ақшаны беріп жатқан жерінен қолға түсті.
Полицейлердің айтуынша, кездесу кезінде делдалдардың қолында тағы екі сәби болған, болжам бойынша үш және жеті айлық.
"Ер адам олар өз балалары екенін айта бастады. Алайда ерлі-зайыпты балалардың жеке басын куәландыратын құжатты көрсете алмады. Осылайша, арнайы операцияның нәтижесінде күдіктілерден үш сәби алынды. Балалар медициналық мекемеге жеткізілді. Күдіктілер бұл балаларды да "тірі тауар" ретінде пайдаланбақ болғанын жоққа шығармаймыз. Тергеу міндетті түрде шындықты анықтайды", - дейді Аханов.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмағандар саудасы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сәби, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2022
Өңірлер
Шымкентте көпбалалы ана сәбиін бір миллионға сатып жіберген – сот үкімі шықты
Жаңалықтар
0