Денсаулық

Қазақстандықтар үш жасар Айкүміске бір миллиард теңге жинап берді

© Photo : Семейный архив Айкумис СарсенАйкүміс ата-анасы және бауырларымен
Айкүміс ата-анасы және бауырларымен - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2022
Жазылу
2021 жылы мамыр айында көпбалалы отбасы ақша жинауды жариялаған. Сол кезде бір миллиард теңге жинауға болатынын ешкім ойламаған
НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Қазақстандықтар Қарағанды қаласында тұратын үш жасар Айкүміс Сәрсеннің еміне бір миллиард теңге жинап берді. Осы қаржыға кішкентай қыз әлемдегі ең қымбат дәріні салдыртады, деп хабарлайды e-karaganda.kz порталы.
Айкүміс – Қарағанды облысында "жұлын бұлшықетінің семуі" диагнозымен тіркелген жалғыз бала. 2021 жылы 24 мамырда кішкентай қыздың ата-анасы емге ақша жинайтынын жариялаған болатын. Содан бері облыс орталығында сан алуан акциялар, жәрмеңкелер мен қайырымдылық концерттері ұйымдастырылды. Бизнесмендер де өз көмегін аямады.
17 тамызда қажетті ақша жиналды. Айкүміс ата-анасымен бірге Дубайға аттанды. Сол жерде оған ең қымбат дәрі – Zolgensma-ны егеді. Қыздың ата-анасы барша қазақстандыққа шексіз алғысын білдіріп отыр.
Айта кетері, "Zolgensma" препаратын швейцариялық "Novartis" компаниясы шығарады. Бұл дәрі Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең қымбат препарат ретінде енген. Осы дәрінің бір дозасы ауруды тоқтатады. Оның құрамында SMN1 генінің көшірмесі бар. Ол адам ағзасындағы кемістігі бар генді алмастырады. Бір дозаның бағасы бір миллиард теңге тұрады.
Бұған дейін "Қазақстан халқына" қорының есебінен бірнеше балаға Zolgensma сатып алынды.
Фирдаус Қайратқа Золгенсма препараты егілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2022
"Қазақстан халқына" қоры тағы бір Zolgensma препаратын сатып алды
Жаңалықтар
0