https://sputnik.kz/20220506/qazaqstan-khalqyna-qory-zolgensma-preparat-24683160.html
"Қазақстан халқына" қоры тағы бір Zolgensma препаратын сатып алды
"Қазақстан халқына" қоры тағы бір Zolgensma препаратын сатып алды
Sputnik Қазақстан
Қор бұған дейін SMA диагнозы қойылған балаларға арналған төрт Zolgensma препаратын сатып алған болатын 06.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-06T14:19+0500
2022-05-06T14:19+0500
2022-05-06T14:19+0500
ана мен бала
https://sputnik.kz/img/07e6/05/06/24676952_0:454:1191:1124_1920x0_80_0_0_4ecaaff29d155a12e04e50c46369b21d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоры қымбат тұратын тағы бір "Онасемноген абепарвовек" (Zolgensma) препаратын сатып алды. Мұндай дәрі Қазақстанда тіркелмеген, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.Препаратты Қазақстанға Novartis өндіруші компаниясы жеткізді.Жұлын бұлшықетінің атрофиясы диагнозы қойылған кішкентай Фирдаус Қайратқа дәрі егілді. Қазір балақай анасымен бірге Ана мен бала ұлттық ғылыми медициналық орталығында дәрігерлердің бақылауында жатыр.Бұған дейін емделушіден биоматериал алынып, балаға арнайы дәрілік өнімді әзірлеу үшін Novartis компаниясына жіберілген.Естеріңізге сала кетейік, қор бұған дейін SMA диагнозы қойылған балаларға арналған төрт Zolgensma препаратын сатып алған болатын."University Medical Center" корпоративтік қорының Ана мен бала Ұлттық ғылыми медициналық орталығының базасында Zolgensma дәрілік өнімін шығарушы компанияның протоколына сәйкес 2 жасқа дейінгі балаларға енгізіп, оңалтуын бақылап отырады. Ана мен бала ғылыми медициналық орталығы бұл қызметті кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек аясында көрсетеді.Маңызды ақпарат, осыған дейін Ана мен бала медициналық орталығының базасында "СМА емдеу" мультидисциплинарлық тобы құрылып, қазақстандық мамандар үшін Новартис компаниясының ғылыми қызметкерлері Zolgensma-ны қолдану бойынша 2 оқу курсын өткізген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/06/24676952_0:342:1191:1235_1920x0_80_0_0_7d349165a3b13e7d570b483843b6a57d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ана мен бала
"Қазақстан халқына" қоры тағы бір Zolgensma препаратын сатып алды
Қор бұған дейін SMA диагнозы қойылған балаларға арналған төрт Zolgensma препаратын сатып алған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоры қымбат тұратын тағы бір "Онасемноген абепарвовек" (Zolgensma) препаратын сатып алды. Мұндай дәрі Қазақстанда тіркелмеген, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Препаратты Қазақстанға Novartis өндіруші компаниясы жеткізді.
Жұлын бұлшықетінің атрофиясы диагнозы қойылған кішкентай Фирдаус Қайратқа дәрі егілді. Қазір балақай анасымен бірге Ана мен бала ұлттық ғылыми медициналық орталығында дәрігерлердің бақылауында жатыр.
Бұған дейін емделушіден биоматериал алынып, балаға арнайы дәрілік өнімді әзірлеу үшін Novartis компаниясына жіберілген.
Естеріңізге сала кетейік, қор бұған дейін SMA диагнозы қойылған балаларға арналған төрт Zolgensma препаратын сатып алған болатын.
"University Medical Center" корпоративтік қорының Ана мен бала Ұлттық ғылыми медициналық орталығының базасында Zolgensma дәрілік өнімін шығарушы компанияның протоколына сәйкес 2 жасқа дейінгі балаларға енгізіп, оңалтуын бақылап отырады. Ана мен бала ғылыми медициналық орталығы бұл қызметті кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек аясында көрсетеді.
Маңызды ақпарат, осыған дейін Ана мен бала медициналық орталығының базасында "СМА емдеу" мультидисциплинарлық тобы құрылып, қазақстандық мамандар үшін Новартис компаниясының ғылыми қызметкерлері Zolgensma-ны қолдану бойынша 2 оқу курсын өткізген.