Видео

Ресейден табылған қазақ сарбазының сүйегі туған еліне жеткізілді – видео

Жазылу
Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан даласында қаза тапқан қазақстандық жауынгер Қалей Дүзбаевтың сүйегі Мәскеуден Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді
Естеріңізге сала кетейік, Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегін тапсыру рәсімі өтті.
Іс-шараға елшіліктің дипломаттары, "Atamnyn Amanaty" қоғамдық бірлестігінің, "Ресей іздеу қозғалысы" ұйымының, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Жауынгердің сүйегін 2022 жылдың 9 шілдесінде Ленинград облысының Тоснен ауданындағы "Заслон" іздеу тобы тапты. Жауынгер медальонында сақталған бланкінің арқасында жауынгердің жеке басы анықталды - Дузбаев Қалей, 1902 жылы туған, Батыс Қазақстан облысының тумасы.
Жаңалықтар
0