https://sputnik.kz/20220816/ekinshi-duniezhuzilik-sogys-zhauyngerdin-suyegi-26733139.html
Екінші дүниежүзілік соғыста Ресейде қаза тапқан жауынгердің сүйегі елге қайтарылады
Екінші дүниежүзілік соғыста Ресейде қаза тапқан жауынгердің сүйегі елге қайтарылады
Sputnik Қазақстан
Жауынгер медальонында сақталған бланкінің арқасында жауынгердің жеке басы анықталды 16.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-16T08:15+0500
2022-08-16T08:15+0500
2022-08-16T08:15+0500
қоғам
қазақстандық жауынгер
ұлы отан соғысы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0e/15735807_0:160:3075:1890_1920x0_80_0_0_5b7c0ae1b05e531cf94643cf4c23603b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегін тапсыру рәсімі өтті.Іс-шараға елшіліктің дипломаттары, "Atamnyn Amanaty" қоғамдық бірлестігінің, "Ресей іздеу қозғалысы" ұйымының, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.Жауынгердің сүйегін 2022 жылдың 9 шілдесінде Ленинград облысының Тоснен ауданындағы "Заслон" іздеу тобы тапты. Жауынгер медальонында сақталған бланкінің арқасында жауынгердің жеке басы анықталды - Дузбаев Қалей, 1902 ж.т., Батыс Қазақстан облысының тумасы.Ресейлік іздеушілер "Atamnyn Amanaty" қоғамдық бірлестігіне хабарласып, олар сарбаздың туыстарын іздеуге кіріскен, өкінішке орай, оларды таба алмаған. Жақын арада жауынгерді туған жерінде толық құрметпен қайта жерлеу жоспарлануда."Atamnyn Amanaty" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Молдағалиев бұл күндері Калуга облысында әскери-тарихи экспедицияға қазақстандық "Atamnyn Amanaty" біріктірілген іздестіру жасағы алғаш рет қатысып жатқанын айтты. Ол қазақстандық және ресейлік іздестіру жасақтарының бірлескен жұмысы жақсарып, тың серпін алып жатқанына риза екенін жеткізді.Өз кезегінде "Ресей іздеу қозғалысы" ұйымының өкілі Дмитрий Федосов Қалей Дүзбаевтың туыстары ерте ме, кеш пе табылып, бейітін зиярат ете алады деген үмітін және жауынгер тағдырына атсалысқандардың барлығына алғысын білдірді.Қазақстандық және ресейлік іздеу жасақтарының бірлескен жұмысы жалғасатын болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0e/15735807_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_fa9b3165bb8a499c270336dc35e7ffb0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстандық жауынгер, ұлы отан соғысы
қазақстандық жауынгер, ұлы отан соғысы
Екінші дүниежүзілік соғыста Ресейде қаза тапқан жауынгердің сүйегі елге қайтарылады
Жауынгер медальонында сақталған бланкінің арқасында жауынгердің жеке басы анықталды
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегін тапсыру рәсімі өтті.
Іс-шараға елшіліктің дипломаттары, "Atamnyn Amanaty" қоғамдық бірлестігінің, "Ресей іздеу қозғалысы" ұйымының, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Жауынгердің сүйегін 2022 жылдың 9 шілдесінде Ленинград облысының Тоснен ауданындағы "Заслон" іздеу тобы тапты. Жауынгер медальонында сақталған бланкінің арқасында жауынгердің жеке басы анықталды - Дузбаев Қалей, 1902 ж.т., Батыс Қазақстан облысының тумасы.
Ресейлік іздеушілер "Atamnyn Amanaty" қоғамдық бірлестігіне хабарласып, олар сарбаздың туыстарын іздеуге кіріскен, өкінішке орай, оларды таба алмаған. Жақын арада жауынгерді туған жерінде толық құрметпен қайта жерлеу жоспарлануда.
"Atamnyn Amanaty" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Молдағалиев бұл күндері Калуга облысында әскери-тарихи экспедицияға қазақстандық "Atamnyn Amanaty" біріктірілген іздестіру жасағы алғаш рет қатысып жатқанын айтты. Ол қазақстандық және ресейлік іздестіру жасақтарының бірлескен жұмысы жақсарып, тың серпін алып жатқанына риза екенін жеткізді.
Өз кезегінде "Ресей іздеу қозғалысы" ұйымының өкілі Дмитрий Федосов Қалей Дүзбаевтың туыстары ерте ме, кеш пе табылып, бейітін зиярат ете алады деген үмітін және жауынгер тағдырына атсалысқандардың барлығына алғысын білдірді.
Қазақстандық және ресейлік іздеу жасақтарының бірлескен жұмысы жалғасатын болады.