Нұр-Сұлтанда тағы бір көше жабылады

© Sputnik / Болат ШайхиновАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Мұхтар Әуезов көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты толығымен жабылады.
16-20 тамыз аралығында елордада Бөгенбай батыр даңғылынан Әліби Жангелдин көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы толығымен жабылады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мұхтар Әуезов көшесінде жол жабынын жөндеу басталғанын мәлімдеді. Осыған байланысты, 16-20 тамыз аралығында Бөгенбай батыр даңғылынан Әліби Жангелдин көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Ведомство осы себепті кешірім сұрап, жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұрады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2022
Елорда тынысы
Елордада "Арқар" көпірі жөндеуге жабылады
Жаңалықтар
0