Елорда тынысы

Елордада "Арқар" көпірі жөндеуге жабылады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2022
Жазылу
Жөндеу жұмыстарына байланысты көпірде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласындағы "Арқар" көпірі жөндеуге жабылады. Осыған байланысты көліктерге арналған жол жабық болады.
15 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Мәңгілік ел даңғылы – Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығынан Р.Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскеде "Арқар" (М1) көпірінің жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі.
"Осыған байланысты, 15-24 тамыз аралығында Қошқарбаев даңғылы бағытында Мәңгілік ел даңғылы – Сарайшық көшесі қиылысындағы көлік айрығынан Р. Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскеде, ал 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Сарайшық көшесі бағытында Мәңгілік ел даңғылы – Сарайшық көшесі қиылысындағы көлік айрығынан Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскеде көпірді жабу жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы керек.
Әкімдік келтірілген қолайсыздық үшін тұрғындардан кешірім сұрап, жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінді.
Жаңалықтар
0