https://sputnik.kz/20220812/ministrlik-tulekke-qosymsha-grant-berdi-26676988.html
Министрлік комиссия қателігі салдарынан оқуға түсе алмай қалған түлекке грант берді
Министрлік комиссия қателігі салдарынан оқуға түсе алмай қалған түлекке грант берді
Sputnik Қазақстан
Оған жатақханадан орын бөлінеді 12.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-12T14:34+0500
2022-08-12T14:34+0500
2023-08-09T09:49+0500
білім
министрлік
түлек
білім гранттары
https://sputnik.kz/img/541/35/5413521_0:146:1920:1226_1920x0_80_0_0_4d7aa81b8e326edf4508c35a2c6daada.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласында грантқа құжат тапсырған түлек "техникалық қателік" салдарынан оқуға түсе алмай қалды. Ғылым және жоғары білім министрлігі оған қосымша грант бөлді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, мектеп түлегі Тастан Жасмин Қуанышқызы мемлекеттік білім грантының конкурсына қатысу үшін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне құжат тапсырған. Қабылдау комиссиясының маманы ҰБТ сертификаттарын таңдау кезінде техникалық қателік жіберген. Соның салдарынан түлек грантқа түспей қалған. Оның ата-анасы оқу орнына және министрлікке арызданды. "Ғылым және жоғары білім министрлігінің мамандары бүгін бұл мәселені назарға алып, шұғыл шешім қабылдады. Министрдің кеңесшісі түлектің ата-анасымен сөйлесіп, кеткен қателік үшін министр мен ведомство атынан кешірім сұрады. Тез арада техникалық қателік түзетіліп, талапкер Тастан Жасмин Қуанышқызы үшін Сүлеймен Демирелатындағы универиситетке грант бөлінді. Сондай-ақ, оған жатақхана беріледі", - дейді баспасөз қызметінің мамандары. Ал құжат қабылдау кезінде қателік жіберген М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті қабылдау комиссиясының маманына сөгіс жарияланды.
https://sputnik.kz/20210607/UBT-140-ball-pavlodarlyk-tulek-17269148.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/541/35/5413521_46:0:1874:1371_1920x0_80_0_0_1348d1e0d1f35af6ee07ecd954136e76.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, түлек, білім гранттары
министрлік, түлек, білім гранттары
Министрлік комиссия қателігі салдарынан оқуға түсе алмай қалған түлекке грант берді
14:34 12.08.2022 (жаңартылды: 09:49 09.08.2023) Оған жатақханадан орын бөлінеді
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласында грантқа құжат тапсырған түлек "техникалық қателік" салдарынан оқуға түсе алмай қалды. Ғылым және жоғары білім министрлігі оған қосымша грант бөлді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, мектеп түлегі Тастан Жасмин Қуанышқызы мемлекеттік білім грантының конкурсына қатысу үшін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне құжат тапсырған. Қабылдау комиссиясының маманы ҰБТ сертификаттарын таңдау кезінде техникалық қателік жіберген. Соның салдарынан түлек грантқа түспей қалған. Оның ата-анасы оқу орнына және министрлікке арызданды.
"Ғылым және жоғары білім министрлігінің мамандары бүгін бұл мәселені назарға алып, шұғыл шешім қабылдады. Министрдің кеңесшісі түлектің ата-анасымен сөйлесіп, кеткен қателік үшін министр мен ведомство атынан кешірім сұрады. Тез арада техникалық қателік түзетіліп, талапкер Тастан Жасмин Қуанышқызы үшін Сүлеймен Демирелатындағы универиситетке грант бөлінді. Сондай-ақ, оған жатақхана беріледі", - дейді баспасөз қызметінің мамандары.
Ал құжат қабылдау кезінде қателік жіберген М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті қабылдау комиссиясының маманына сөгіс жарияланды.