Қоғам

"Жоғары көрсеткішке жетуге тырыстым": павлодарлық түлек ҰБТ-да 140 балл жинады

© Photo : Минобразования РКЕНТ-2020
ЕНТ-2020 - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Данияр "Алтын белгіге" үміткерлердің қатарына кіреді. Сол себепті барынша жоғары ұпай алуды көздеген

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым — Sputnik. Павлодар қаласындағы білім-инновация лицейінің түлегі Данияр Уәлиев бірінші болып бірыңғай тестілеуден 140 балл жинады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Оқу жылының басында қиын болды. Өйткені пандемияға байланысты бәріміз онлайн оқыдық. Ондай формат дәстүрлі білім беруге жетпейді ғой. Бірақ ұстаздарымыз барын салды. Сосын үшінші тоқсаннан бастап лицейге барып оқығанымыз жақсы болды", - деді Уәлиев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Данияр "Алтын белгіге" үміткерлердің қатарына кіреді. Сол себепті барынша жоғары ұпай алуды көздеген.

"Әрине, барынша жоғары көрсеткішке жетуге тырыстым. Бірақ 140 ұпай алғаныма толық сенім болған жоқ. Бірақ өзім барлық тапсырманы тексеріп, жауабын қарап шыққанда, шамамен, 140 болып тұрған", - деді лицей түлегі. 

Оқи отырыңыз: Wi-Fi мен камерасы бар "шоколад": ҰБТ-да тағы тыйым салынған заттар анықталды

Данияр Уәлиев спортта да үздіктердің қатарынан көрініп жүр. Жүзуден спорт шебері бірнеше рет ел чемпионы атанған.

Білім-инновация халықаралық қоғамдық қоры өзінің ресми парақшасында лицей түлегін құттықтап, оған соңғы үлгідегі MacBookAir М1 табысталатынын мәлімдеді.

Ал ұлттық тестілеу орталығының ережесіне сәйкес, тест өткеннен кейін барлық бейнежазба тексеріледі. Содан кейін ғана ҰБТ-ның ресми қорытындысы және жоғары ұпай алған түлектердің тізімі жарияланады.

Жаңалықтар
0