Машина жасау саласындағы өндіріс 37%-ке өсті

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуКөлік
Көлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов машина жасау саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Жиында баяндама жасаған индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев биыл алты айының қорытындысы бойынша, машина жасау саласындағы өндіріс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37%-ке өскенін айтты. Салаға тартылған инвестиция көлемі 23%-ке артты.
Кеңес барысында "Қазақстан машина жасаушылар одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев бірқатар бағыт бойынша сала өкілдерінің отандық өндірісті қолдауға қатысты ұсыныстарын айтты.
Өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындарды қолдау жұмыстары аясында шикізат, материалдар мен құрамдас бөлшектерді импорттау кезінде есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеу тетігі 2024 жылға дейін ұзартылғаны айтылды. Бұл ретте қосылған құн салығы осы әдіспен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесіне инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті металл бұйымдары мен жабдықтардың атауларын қосымша енгізу ұсынылды.
Сондай-ақ, өнімді экспорттау кезінде қосылған құн салығын жедел қайтара алатын өңдеуші кәсіпорындарды қамтуды кеңейту ұсынылды.
Премьер-министр бұл ұсыныстарды қолдап, тиісті мемлекеттік органдарға қажетті шешімдердің жобаларын енгізуді тапсырды.
Көлік, жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2022
Жазда қолдануға болмайды - полиция көлік жүргізушілерге ескерту жасады
Жаңалықтар
0