Жазда қолдануға болмайды - полиция көлік жүргізушілерге ескерту жасады

© Sputnik / Владислав ВодневКөлік, жол
Көлік, жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2022
Жазылу
15 900 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған
НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облыстық полиция басқармасы жаз айларында қысқы шинамен, яғни тікенегі бар доңғалақпен жүруге болмайтынын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстанның жол жүру ережесіне сәйкес, маусым мен тамыз айларында мұндай доңғалақты пайдалануға тыйым салынған. Оған қоса, Кеден одағының "Көлік қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті бойынша қысқы шинамен жүруге рұқсат жоқ.
"Жолда шипі бар көлікті жүргізу өте қауіпті, өйткені тежегішті кенеттен басқан кезде тікенектер жолдың бетіне жабыспайды, сырғып кетеді. Ондайда көлікті тоқтатуға қажетті жол да, уақыт та ұзарады. Соның салдарынан жол апатының қаупі артады", - дейді полицейлер.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігі "(Көлiкті пайдалану қағидаларын бұзу") бойынша 5 АЕК (15 900 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.
Көлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2022
Маңғыстауда соқтығысқан екі көлік өртеніп кетті: бір адам қаза тапты
Жаңалықтар
0