Спорт

Қазақстандық теннисші Малика Әмірғалиева Kazzinc Open турнирінде сенсация жасады

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуТеннис
Теннис - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2022
Жазылу
Турнирдің негізгі бөлігінде бес қазақстандық: Жібек Құламбаева, Гозаль Айнитдинова, Мария Синицына (wild card), Татьяна Николенко (wild Card) және Малика Әмірғалиева ойнайды
НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз - Sputnik. Өскеменде ITF World Tennis Tour W25 сериясының жалпы жүлде қоры 25 мың АҚШ долларын құрайтын әйелдер турнирі басталды.
Шығыс қазақстан облысы теннис мектебінің тәрбиеленушісі Малика Әмірғалиева беделді жарыстың негізгі бөлігіне шықты. Квалификация финалында WTA-да әлі рейтингісі жоқ 14 жастағы қазақстандық 18 жастағы ресейлік Николь Мишиеваны (1990 WTA) 6:1, 6:4 есебімен жеңді.
Осылайша, Kazzinc Open турнирінің негізгі бөлігінде бес қазақстандық: Жібек Құламбаева, Гозаль Айнитдинова, Мария Синицына (wild card), Татьяна Николенко (wild Card) және Малика Әмірғалиева ойнайды.
Елена Рыбакина жеке куәлігі мен паспортын көрсетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2022
"Қазақстан азаматымын": Елена Рыбакина жеке куәлігі мен паспортын көрсетті
Жаңалықтар
0