Павлодар облысында сатушы клиенттің ақшасына өзіне қымбат телефон сатып алды

© Public DomainТелефон
Телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Павлодар облысында клиенттің ақшасына ұялы телефон сатып алған сатушы сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Техника дүкеніне барған ер адам сатушыға алданатынын білмеген. Ол жиеніне сыйлық жасаймын деп ұялы телефон іздеп жүрген. Сол кезде оны дүкен сатушысы көрген. Егде жастағы ер адамның телефон маркаларын айыра алмайтынын түсінген.
"Техника дүкенінің сатушысы оған қымбат телефонды ұсына бастады. Кейін гаджетті банк қосымшасы арқылы кредитке алуға ұсыныс жасады. Ол адамның интернеті болмаған. Сол кезде сатушы өз телефонынан кредит рәсімдеп беретінін айтқан. Алдымен клиенттің жеке деректерін сұрып алған. Одан кейін қосымша арқылы бет-әлпетін сканерден өткізген", - дейді қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мамандары.
Біраз уақыттан кейін кредит мақұлдағанын айтқан. Бұдан соң клиенттің атына тағы бір кредит рәсімдеп, өзіне 589 890 теңгенің телефонын сатып алған.
Сот жас жігіттің екі жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Оны тұрмыстық техника дүкенінен жұмыстан шығарды. Қазіргі кезде қара жұмысшы болып істейді. Ал жәбірленушіге келтірген шығынды ай сайынғы еңбекақысынан өтеп отырады.
Рентгеновский снимок - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Өңірлер
Қызылордада дәрігерлер ұялы телефонды жұтып қойған адамды құтқарды
Жаңалықтар
0