https://sputnik.kz/20210405/uyaly-telefondy-zhutyp-qoygan-16708557.html
Қызылордада дәрігерлер ұялы телефонды жұтып қойған адамды құтқарды
Қызылордада дәрігерлер ұялы телефонды жұтып қойған адамды құтқарды
Sputnik Қазақстан
Дәрігерлер науқастың өмірін скальпель қолданбай құтқарып қалды. Олардың айтуынша, телефонның батареясы кез келген уақытта ішкі органдарды күйдіруі мүмкін 05.04.2021, Sputnik Қазақстан
2021-04-05T21:10+0500
2021-04-05T21:10+0500
2022-02-01T13:05+0500
https://sputnik.kz/img/683/04/6830450_0:134:1281:854_1920x0_80_0_0_1ffd2e23126d4fe944505523be53df1b.jpg
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/683/04/6830450_0:0:1139:854_1920x0_80_0_0_d323af7d3946a98d7c004acbbfd2b569.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Қызылордада дәрігерлер ұялы телефонды жұтып қойған адамды құтқарды
21:10 05.04.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Дәрігерлер науқастың өмірін скальпель қолданбай құтқарып қалды. Олардың айтуынша, телефонның батареясы кез келген уақытта ішкі органдарды күйдіруі мүмкін
ҚЫЗЫЛОРДА, 5 сәуір – Sputnik. Қызылордада ер адам ұялы телефон мен шегені жұтып қойып, дәрігерлердің арқасында аман қалды.
Бұл жағдай туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
"Көпсалалы облыстық ауруханаға түскен ер адамның айтуынша, ол шамамен 8 сағат бұрын ұялы телефонды жұтып қойған", - делінген хабарламада.
Ер адамға жедел түрде іш қуысы органдарының рентгенографиясы жасалды, одан бөтен дене: ұялы телефон мен шеге табылды.
Оқи отырыңыз: Әйел тамағында тұрып қалған дәрі қаптамасымен екі апта бойы жүрген
"Телефонның батареясы өте қауіпті, ол кез келген уақытта асқазанның шырышты қабығын күйдіруі мүмкін. Мамандардың кеңесінен кейін икемді эндоскоптың көмегімен бөгде зат сәтті алынып тасталды. Оны эндоскопист дәрігер Айбек Ақбаев жасады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Ер адамның неліктен мұндай әрекетке барғаны айтылмады.