Оқиға

Ұзынағаштағы атыстың видеосы тарады – бір адам қайтыс болды

© ДВД ЮКОМылтық, архивтегі сурет
Мылтық, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Алматы облысында Ұзынағаш ауылында тапа-тал түсте атыс болды. Үш адам жансақтау бөліміне түсті, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 4 тамыз күні Ұзынағаш ауылының спорт кешені алдында бір топ жігіт жанжалдасып қалды. Кикілжіңнің арты атысқа ұласқан.
Әлеуметтік желіде спорт кешенінің ішінен түсірілген видео тарап жатыр. Бір адамның қатты жарақат алғаны көрініп тұр. Оны бірнеше адам көтеріп, алып кеткен.
"Атыс болып жатыр, бір адамды атып кетті", - дейді видео авторы.
Облыстық полиция департаменті бір емес, үш адам ауыр жарақат алғанын хабарлады. Үшеуі де Жамбыл ауданының тұрғындары, олар дереу ауруханаға жеткізілген. Біреуі жансақтау бөлімінде қайтыс болған.
Қазіргі кезде атысқа қатысқан барлық адам анықталды. Оларды ұстау бойынша жедел шаралар қолға алынған.
Желіде патрульдік полиция көлікті тоқтатып, ішінен адамды алып шыққан тағы бір видео тарады.
Жарияланған ақпарат бойынша 30 жастағы жігіт ұсталды. Ол да спорт кешені алдындағы атысқа қатысқан. Көлік салонынан "Winchester" маркалы мылтық табылған.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2022
Өңірлер
Есіктегі атыс: басты күдікті ұсталды
Жаңалықтар
0