Өңірлер

Есіктегі атыс: басты күдікті ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Алматы облысының полициясы Есіктегі атысқа қатысы бар 30 жастағы ер адамды қамауға алды, деп хабарлайды өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Облыстық полицияның ақпаратынша, күдікті ретінде бұған дейін сотталған 1992 жылғы жергілікті тұрғын ұсталды. Қылмыстық тергеу материалдарында ұсталған адам негізгі фигурант екені анықталды.
"Ол қамалды. Қылмыстық кодекстің үш бабы "Кісі өлтіру", "Адам өлтіруге оқталу" және "Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау" бойынша тергеу жүріп жатыр", - деп мәлімдеді полиция.
Атысқа қатысқан басқа адамдар іздестіріліп жатыр.
Еске салсақ, 23 шілдеде Есік қаласының ауруханасына оқ жарақатымен екі ер адам түсті. Кейін олардың бірі көз жұмды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2022
Өңірлер
Есікте атыс болып, екі адам ауруханаға түсті
Жаңалықтар
0