https://sputnik.kz/20220723/esik-atys-eki-adam-aurukhana-26301885.html
Есікте атыс болып, екі адам ауруханаға түсті
Есікте атыс болып, екі адам ауруханаға түсті
Sputnik Қазақстан
Тұрғындар бір сағат бойы полицияға хабарласа алмаған 23.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-23T16:48+0500
2022-07-23T16:48+0500
2022-07-23T16:48+0500
өңірлер
есік қаласы
атыс
https://sputnik.kz/img/07e5/02/19/16391530_568:242:3779:2048_1920x0_80_0_0_340970e1db8bf4002edb76e92dbaf9b8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Алматы облысындағы Есік қаласында атыс болды. Жергілікті тұрғындар полицияның жұмысына шағымданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әлеуметтік желіде тараған видеода Урицкого көшесінің тұрғындары сөйлеп тұр. Олардың айтуынша, кеше түнгі сағат 22:40 шамасында атыс болып, екі адамды ауруханаға алып кеткен."Біз атысты естіп, көшеге шықтық. Сосын 102-ге қоңырау шалдық. Бір сағаттай ешкім көтермеді. Гудок барып тұр. Содан кейін жолда өтіп бара жатқан полиция қызметкерлерін тоқтатып, соларға айттық. Содан кейін ғана полиция оқиға орнына келді. Өз уақытында ешкім жұмыс істемейді. Мына жерде атысып, елді қырып кетсе де, біздің полиция жұмыс істемейді", - дейді тұрғындар.Видеода атыс болған жерді де көрсеткен. Тергеушілер тексеріс жүргізіп жатыр.Алматы облыстық полиция департаменті екі адамның жарақат алғанын растады. Біреуі 18-де, екіншісі – 30 жаста."Есік қаласындағы көшелердің бірінде атыс болғаны туралы хабарлама түсті. Тексеріс кезінде ақпарат расталды. Қаланың екі тұрғыны оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазір полицейлер күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру шараларына кірісті", - дейді департамент мамандары.Департамент басшылығы тергеуді жеке бақылауына алды. Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
есік қаласы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/19/16391530_969:360:3220:2048_1920x0_80_0_0_8de4cd2d6d84cc84674f62c85b082fb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есік қаласы, атыс
Есікте атыс болып, екі адам ауруханаға түсті
Тұрғындар бір сағат бойы полицияға хабарласа алмаған
НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Алматы облысындағы Есік қаласында атыс болды. Жергілікті тұрғындар полицияның жұмысына шағымданды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Әлеуметтік желіде тараған
видеода Урицкого көшесінің тұрғындары сөйлеп тұр. Олардың айтуынша, кеше түнгі сағат 22:40 шамасында атыс болып, екі адамды ауруханаға алып кеткен.
"Біз атысты естіп, көшеге шықтық. Сосын 102-ге қоңырау шалдық. Бір сағаттай ешкім көтермеді. Гудок барып тұр. Содан кейін жолда өтіп бара жатқан полиция қызметкерлерін тоқтатып, соларға айттық. Содан кейін ғана полиция оқиға орнына келді. Өз уақытында ешкім жұмыс істемейді. Мына жерде атысып, елді қырып кетсе де, біздің полиция жұмыс істемейді", - дейді тұрғындар.
Видеода атыс болған жерді де көрсеткен. Тергеушілер тексеріс жүргізіп жатыр.
Алматы облыстық полиция департаменті екі адамның жарақат алғанын растады. Біреуі 18-де, екіншісі – 30 жаста.
"Есік қаласындағы көшелердің бірінде атыс болғаны туралы хабарлама түсті. Тексеріс кезінде ақпарат расталды. Қаланың екі тұрғыны оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазір полицейлер күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру шараларына кірісті", - дейді департамент мамандары.
Департамент басшылығы тергеуді жеке бақылауына алды. Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.