https://sputnik.kz/20220802/premer-ministr-suga-shomylu-26476646.html
Екі айда 140 адам суға батып кетті - премьер-министр тапсырма берді
Екі айда 140 адам суға батып кетті - премьер-министр тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайлов күн тәртібінен тыс мәселені көтерді. Министрлер кабинетінің басшысы судағы... 02.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-02T10:54+0500
2022-08-02T10:54+0500
2022-08-02T11:00+0500
қоғам
премьер-министр
су
https://sputnik.kz/img/07e6/06/14/25657065_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_f2b892ec642255a8623beca6f90d4e59.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайлов күн тәртібінен тыс мәселені көтерді. Министрлер кабинетінің басшысы судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгінгі отырыста екі мәселе қаралды. Алдымен санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, одан кейін "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасын іске асыру жұмысы сөз болды."Тағы бір маңызды мәселе – суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Жауапты органдар бейбіт күнде азаматтарымыздың суға батып жатқанына қарап отырмауы керек. Қазір шомылу маусымының қызған шағы. 1 маусымнан бері елімізде 140 адам суға кеткен, оның 49-ы бала. Былтырмен салыстырғанда адамдардың суға батуы 42 процентке қысқарған. Сонда да, бұл көрсеткіш өте жоғары деп санаймын", - деді Смайылов. Премьер-министрдің айтуынша, барлық жерде құтқарушылар болуы қажет. Ол мұны бақылауда ұстауға тапсырма берді. "Біз қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін барлық шараны қабылдауымыз керек. Төтенше жағдайлар, экология министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді, онда құтқарушылардың болуын бақылауды тапсырамын. Халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізіп, суға түсуге болмайтын жерлерді анық белгілеу қажет", - деп атап көрсетті Смайылов.Айта кетері, осыдан үш күн бұрын Атырау облысында Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш Жайық өзеніне батып кетті. Күні кеше оның денесі Сарайшық ауылына жақын жерде табылды. Ал Ақтөбе облысында бір үйдің екі баласы суға батып кеткен.
https://sputnik.kz/20220801/atyrau-oblysy-makhambet-audany-akim-26447743.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/14/25657065_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_110ae331d5ea5395204d7e1878f1c2ee.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
премьер-министр, су
Екі айда 140 адам суға батып кетті - премьер-министр тапсырма берді
10:54 02.08.2022 (жаңартылды: 11:00 02.08.2022) НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайлов күн тәртібінен тыс мәселені көтерді. Министрлер кабинетінің басшысы судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінгі отырыста екі мәселе қаралды. Алдымен санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, одан кейін "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасын іске асыру жұмысы сөз болды.
"Тағы бір маңызды мәселе – суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Жауапты органдар бейбіт күнде азаматтарымыздың суға батып жатқанына қарап отырмауы керек. Қазір шомылу маусымының қызған шағы. 1 маусымнан бері елімізде 140 адам суға кеткен, оның 49-ы бала. Былтырмен салыстырғанда адамдардың суға батуы 42 процентке қысқарған. Сонда да, бұл көрсеткіш өте жоғары деп санаймын", - деді Смайылов.
Премьер-министрдің айтуынша, барлық жерде құтқарушылар болуы қажет. Ол мұны бақылауда ұстауға тапсырма берді.
"Біз қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін барлық шараны қабылдауымыз керек. Төтенше жағдайлар, экология министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді, онда құтқарушылардың болуын бақылауды тапсырамын. Халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізіп, суға түсуге болмайтын жерлерді анық белгілеу қажет", - деп атап көрсетті Смайылов.
Айта кетері, осыдан үш күн бұрын Атырау облысында Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш Жайық өзеніне батып кетті. Күні кеше оның денесі Сарайшық ауылына жақын жерде табылды. Ал Ақтөбе облысында
бір үйдің екі баласы суға батып кеткен.